Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“40 градус ыстықта қымтанып жүрміз“. Павлодар облысында тұрғындар неге күртеше киюге мәжбүр?

Павлодар облысында бірнеше ауыл тұрғындары масаның қаптап кеткеніне шағымданды. Жәндіктердің кесірінен ересектер де, балалар да далаға шыға алмай отыр, әсіресе үй жануарлары мен мал қатты зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шошқалы ауылының тұрғыны аула мен көшеде үймелеген жәндіктердің видеосын түсіріп алған. Басқа кадрлардан маса шаруашылық құрылысы терезесін қалың қабат болып жауып қалғанын көруге болады. Жәндіктердің көптігі сондай, жазбадан олардың ызыңы анық естіледі.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Новости Павлодара news_pvl (@news_pvl) жарияланымы




"Қазір үйдің табалдырығынан аттап шыға алмаймыз, бірден үймелей кетеді. Шаруашылықпен, бау-бақшамен айналысу мүмкін емес. Тіпті даладағы әжетханаға барудың өзі нағыз азапқа айналды. Күн 40 градус ыстық болса да, далада қыс түскендей күрте мен бөрік киіп жүрміз. Бірақ ол да құтқармайды. Балаларды далаға мүлдем шығармаймыз, иттер ұяшығында ыңырсып жатыр", - дейді жергілікті тұрғын.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, масадан әсіресе мал мен үй құстары зардап шеккен. Павлодар облысының өзге де ауыл тұрғындары жәндіктерден ешқандай қорғаныс құралдары көмектеспейтінін айтып, шағымданып жатыр.

"Денеңе сепкен дәрі бірнеше минутқа ғана жетеді, сосын олар қайтадан қаптайды. Масалар құтырып кеткендей, бәрі быжынап жүр, ешқандай репеллент әсер етпейді", - дейді тұрғындар.

Маса қаптаған видеоның астындағы пікірлерде аймақ тұрғындары жәндіктермен күреске бөлінген миллиардтаған қаржының тиімділігіне күмән келтірді.
Ресми мәліметтер бойынша, Павлодар облысында алдағы үш жылға осы мақсаттарға 13,5 миллиард теңге - жыл сайын 4,5 миллиард теңгеден қарастырылған. Алайда бұл қаражат Павлодар, Ақсу қалаларын, Ертіс жайылмасын және өзен жағасындағы ауылдарды өңдеуге бағытталады. Ал қазір жәндіктердің қаптауынан зардап шегіп отырған далалық аумақтар өңдеу бағдарламасына кірмейді.Әлеуметтік желілердегі шағымдардан кейін мамандар Шошқалы, Бозалаң, Садықащы және Шалдай ауылдарына барып, масалардың қалыптан тыс жаппай қаптағанын растады.

"Мұндай қиын жағдай кейінгі екі-үш күнде байқалып отыр. Масалардың жайылма аумақтардан тыс жерлерде көбеюіне орман өртін сөндіру кезінде су алу үшін жасалған жасанды су қоймалары, сондай-ақ осы ауылдардың маңында пайда болған шағын жергілікті су айдындары себеп болуы мүмкін", - деп түсіндірді Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы.

10 маусымнан бастап мамандар кедергілік өңдеу жұмыстарына кірісті. Масаларды жою арқаға асынатын бүріккіштер мен ыстық тұман генераторлары көмегімен жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ су қоймаларындағы маса дернәсілдері биопрепаратпен уланады.

"Мамырда өңдеу жүргіздік, 1,9 миллион теңге бөлінген. Содан кейін күн суытып, артынша бірден ыстық басталды, бұл масалардың жаппай қаптауына түрткі болды. Бұл - аномалия. Қазір демеушілік қаражат есебінен жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекеттік конкурстар өткізуге уақыт жоқ, халықты масалармен қалдыра алмаймын", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Шарбақты ауданының әкімі Сержан Иманқұлов.

Айта кетейік, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы қазіргі уақытта қансорғыштардан зардап шегіп отырған далалық ауылдарда дезинсекциялық жұмыстар тек белгілі бір учаскелерде, сондай-ақ кедергілік өңдеу жұмыстары балалар лагерьлері орналасқан жерлерде ғана жүргізілетінін нақтылады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *