Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

OpenAI-ден келесі GPT моделінің таралуын шектеу сұралды

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі қауіпсіздік мақсатында OpenAI компаниясынан келесі GPT-5.6 моделін кеңінен таратпас бұрын, оған қолжетімділікті үкімет мақұлдаған серіктестердің шағын тобымен ғана шектеуді талап етті. Бұл туралы жағдаймен таныс дереккөздерге сілтеме жасап Axios хабарлайды, деп жазады Tengrinews.kz.
Басылымның жазуынша, бұл АҚШ үкіметінің жасанды интеллект әзірлейтін америкалық компанияға модельдің ресми тұсаукесеріне дейін оны таратуды шектеу туралы алдын ала өтініш білдірген алғашқы жағдайы.
Дереккөз мәліметінше, Ақ үйдің Киберқауіпсіздік жөніндегі ұлттық директорының басқармасы мен OpenAI-дың Ғылыми-техникалық саясат жөніндегі басқармасы жаңа модельдердің қауіпсіздігін тексеру және бағалау жүйесін әзірлеу кезеңінде GPT-5.6-ның таралуын шектеуді сұраған.


"АҚШ үкіметіне бұл біз үшін тиімді ұзақмерзімді модель емес екенін ашық айттық. Болашақ релиздерге қатысты неғұрлым тұрақты тәсілді қалыптастыру үшін олармен және саланың басқа да қатысушыларымен бірлесіп жұмыс істейміз", - делінген OpenAI бас директоры Сэм Альтманның The Information басылымы келтірген қызметтік жазбасында.

Axios дереккөзі OpenAI әкімшілікпен модельді шығару мәселесі бойынша Anthropic компаниясы Сауда министрлігінің сирек кездесетін өкімінен кейін өзінің перспективалы Fable 5 және Mythos 5 модельдеріне қолжетімділікті тоқтатқанға дейін-ақ белсенді жұмыс істегенін хабарлады.
Үкіметтің араласуына әкімшіліктің кенеттен қатаң талаптар қоюы емес, GPT-5.6 мүмкіндіктерінің Mythos мүмкіндіктеріне ұқсас болуы себеп болған, деп жазады басылым.

"Бұл модельдердің қуаттылығы сондай, әкімшілік компаниялардың тиісті қорғаныс шараларын қабылдағанына көз жеткізгісі келеді", - деді басылым дереккөзі.

Осы айдың басында президент Трамп ЖИ қауіпсіздігі туралы жарлыққа қол қойды. Құжат бірқатар ведомствоға жаңа модель шыққанға дейін ЖИ әзірлейтін компаниялар үшін ерікті тестілеу хаттамасын әзірлеуді міндеттейді.
Бұл бағдарламаның қаншалықты шектеулі және міндетті болуы керектігіне қатысты ішкі саяси келіспеушіліктер атқарушы жарлықтың қабылдануын бірнеше аптаға кешіктірді.
Қауіпсіздік қызметкерлері мен корпорация басшылары қаскөйлердің - соның ішінде мемлекеттік тыңшылардың, киберқылмыскерлер мен жосықсыз қызметкерлердің - осындай жоғары тиімді модельдерге қол жеткізуі салдарынан туындайтын қауіптерге барған сайын алаңдаушылық білдіруде.
Бұған дейін ChatGPT әзірлеушісі болып табылатын компания Қазақстан бюджетіне 1,8 миллиард теңге салықты толық төлемегенін хабарлаған болатынбыз. Аталған сома салық органынан хабарлама келгеннен кейін ғана аударылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *