Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қытайда тайфуннан кейін ондаған адам қаза тауып, жүздеген улы жылан фермадан босап кеткен

Қытайдың оңтүстік жағалауына соққан жойқын "Майсак" тайфунынан кем дегенде 38 адам қаза тапты. Табиғи апат салдарынан бөгеттер бұзылып, көшкін жүргенін хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.
Ең көп зардап шеккен аймақтар – оңтүстіктегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы мен орталықтағы Хубэй провинциясы. Мұндағы нөсер, дамбалардың жарылуы және дауылды жел ондаған мың тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр етті.
Әскерилер, дрондар мен 5700 қайық жұмылдырылған ауқымды құтқару операциясы барысында апат аймағынан 130 мыңға жуық адам эвакуацияланды, оның ішінде Гуйган қаласында қамалып қалған 10 мыңнан астам студент пен оқытушы бар.
Бұған қоса, су тасқыны жергілікті елді мекендерді басып, электр жарығының өшуіне және хайуанаттар бағы мен улы жыландар өсіретін фермадан ондаған жануардың қашып кетуіне себеп болды, хабарлайды The Guardian.



Желіде жергілікті тұрғындардың жыландарды аумен ұстап жатқан видеосы тарады, кадрлардан лай судың ішінен басын қылтитып тұрған кобраны көруге болады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қашқан жыландардың арасында су жыландары, корольдік егеуқұйрық жыландары және кобралар бар.
Қазірдің өзінде бірнеше адам жылан шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

БАҚ-тың хабарлауынша, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы Хэнчжоу ауылындағы ферманы су басуы салдарынан 900-ге жуық жылан, соның ішінде улы кобралар қашып кеткен. Кейбір тұрғындарды жылан шаққан. Жергілікті қалалық әкімшілік... pic.twitter.com/sdYzdLMMeO
— Global Times (@globaltimesnews) 7 шілде, 2026
Сонымен қатар дауылды ауа райы Орталық Қытайға да жетті: Хубэй провинциясындағы торнадодан 11 адам қаза тапты. Көршілес Бангладештегі Рохинджа босқындар лагерінде жүрген көшкін кем дегенде 13 адамның өмірін қиды.
Зардап шеккен аудандарда қалпына келтіру және дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр, алайда синоптиктер жауын-шашын әлі де жалғасатынын болжайды. Ал шығыс жағалау 10 шілдеден бастап жойқын "Бави" тайфунының соққысына дайындалып жатыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *