Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тартысты матч: Аргентина Англияны жеңіп, Әлем чемпионатының финалына шықты

16 шілдеге қараған түні Аргентина құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының 1/2 финалында Англия командасын жеңді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Еске салайық, жартылай финалға дейінгі жолда ағылшындар Конго ДР құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Кейін Мексиканы 3:2 есебімен қапы қалдырып, ширек финалға жолдама алды, ал одан кейін овертаймда Норвегиядан (2:1) басым түскен болатын.
Ал аргентиналықтар қосымша уақытта Кабо-Вердені 3:2 есебімен жеңіп, кейін Египетпен болған 90 минуттық ойынның қосымша 2-минутында жеңіс голын салып, дәл осындай есеппен жеңіске жетті. Ал ширек финалда Швейцарияны экстра-таймдардан кейін 3:1 есебімен еңсерді.
Матч барысы
Ойынның бірінші бөлігінде командалар гол соға алмады, екі құрама бар болғаны 0,08 күтілетін гол (xG) көрсеткішін жасады. Бірінші тайм шиеленіскен күреспен есте қалды: аргентиналықтар 12 рет, ал ағылшындар 7 рет ереже бұзды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

433 (@433) жарияланымы


Екінші таймның 55-минутында есеп ашылды: Морган Роджерс қапталдан айып алаңына доп асырды, оны Энтони Гордон түйіндеп, қақпаға дәл бағыттады.
Одан кейін Аргентина бірнеше қауіпті сәт жасады, бірақ ағылшындардың қақпашысы Джордан Пикфорд шеберлік танытты.
Матч аяқталар тұста Англия бірнеше қорғаушыны алаңға шығарып, қорғанысқа көшті.
Алайда 85-минутта аргентиналықтар есепті теңестіріп кетті: Энцо Фернандес айып алаңының сыртынан алыстан соққы бағыттап, допты торға тоғытты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

433 (@433) жарияланымы


Ал 90+2-минутта Аргентина алға шықты: Лионель Месси оң қапталдан доп асырды, ал Лаутаро Мартинес басымен қақпаны дәл көздеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

433 (@433) жарияланымы


Матчтың қорытынды есебі — 1:2, Аргентина құрамасы жеңіске жетті.
Осылайша, Аргентина құрамасы ӘЧ-2026 финалына шықты, онда Испаниямен кездеседі. Бұл матч 20 шілдеге қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де өтеді.
Ал Англия құрамасы үшінші орын үшін Франция командасымен бақ сынасады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *