Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бопсалау және шенеуніктерге пара беру: Қазақстанда 200 миллиард теңгенің схемасы әшкереленді

Түркістан облысында контрабанда, бопсалау, жемқорлық және шетелге ақшаны заңсыз шығарумен айналысқан бірнеше қылмыстық схеманың жолы кесілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.

200 миллиард теңгені сыртқа шығару схемасы

Қадағалау органының мәліметінше, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жалған кәсіпорындар арқылы шетелге шамамен 200 миллиард теңгені заңсыз шығару дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 235-1-бабының 3-бөлігі ("Қазақстан Республикасынан валюталық құндылықтарды заңсыз әкету, жолдау және аудару") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шекарадағы контрабанда мен бопсалау

Сонымен қатар прокуратура Қырғызстаннан келетін темекі өнімдерінің контрабандалық арнасы тоқтатылғанын хабарлады. Тергеу нұсқасы бойынша, темекі өнімдері Түркістан облысына заңсыз әкелініп, кейін өңірде және Қазақстанның батысында сатылып келген.

Жедел іс-шаралар барысында 103 миллион теңгенің темекі өнімі тәркіленді. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 214-бабы ("Заңсыз кәсіпкерлік") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Тағы бір эпизод бойынша шекара маңындағы аймақта жүк көлігі жүргізушілерінен ақша бопсалаған қылмыстық топ анықталды. Прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында заңсыз делдалдық әрекеттен түскен қаражаттың бір бөлігі мемлекеттік орган лауазымды тұлғаларына пара ретінде берілгені белгілі болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық схемаға қатысы бар 23 адам анықталды, оның бесеуі қамауға алынды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *