Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әділет министрлігі Қашаған операторының мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстанның Әділет министрлігі БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (UNCITRAL) қағидалары бойынша мемлекет пен Қашаған кен орнының операторы North Caspian Operating Company (NCOC) арасындағы дауды қарап жатқан арбитраждық трибуналдың қамтамасыз ету бұйрығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
NCOC айыппұлмен келіспейді
16 шілдеде NCOC операторы 2,3 триллион теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлмен келіспейтіні туралы хабарлама таратты. Мәлімдемеде арбитраждық трибуналдың қамтамасыз ету бұйрығы да айтылған.

"UNCITRAL талқылаулары барысында арбитраждық трибунал республикаға арбитраждық шешім қабылданғанға дейін айыппұлды мәжбүрлеп өндіру бойынша қандай да бір шара қолдануға тыйым салатын қамтамасыз ету бұйрығын шығарды", - делінген хабарламада.

Бұл мәлімдеме Қазақстанның әділет вице-министрі Дәниел Ваисов БАҚ-қа экологиялық дау бойынша заңды күшіне енген қазақстандық сот шешіміне қатысты пікір білдіргеннен кейін жасалды.

Оның айтуынша, Қашаған операторының айыппұлды биылғы 20 шілдеге дейін төлеуге уақыты бар. Әйтпесе, Қазақстан заңнамаға сәйкес әрекет етеді.

"Атқарушылық іс қозғалып, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады", - деді Ваисов.

Әділет министрлігі: қамтамасыз ету шарасы айыппұлды өндіруге кедергі емес
NCOC мәлімдемесіне жауап ретінде Қазақстан Әділет министрлігі арбитраждық трибуналдың қамтамасыз ету бұйрығы экологиялық айыппұлды өндіруге кедергі келтірмейтініне бірнеше дәлел келтірді.
Министрлік UNCITRAL қағидалары бойынша талқылаудың коммерциялық сипатқа ие екенін және жеке инвестициялық талқылаудан ерекшеленетінін атап өтті.
Әділет министрлігінің ұстанымына сәйкес, коммерциялық арбитраждық трибуналдың өкілеттігі тек жеке құқықтық дауды шешумен шектеледі және мемлекеттің жария-билік өкілеттіктерін жүзеге асыруына, соның ішінде экологиялық заңнаманы қолдану мен орындауына таралмайды.
Сонымен қатар министрлік бұл жерде жалғасып жатқан талқылау аясында қабылданған қамтамасыз ету шарасы туралы сөз болып отырғанын баса айтты. Ведомство пікірінше, ол Қазақстанда автоматты түрде орындалуға жатпайды.
Әділет министрлігі 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясына сілтеме жасады. Ведомство мәліметінше, арбитраждық шешімдер нақты елдің процестік және құқықтық нормаларына сәйкес орындалады, ал Қазақстанда бұл үшін тиісті шешімді ұлттық соттың тануы талап етіледі.

"Айыппұлды өндіру мемлекеттің экологиялық заңнаманың міндетті талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша өзінің егеменді реттеушілік өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар заңды күшіне енген сот актілерін орындауға және экологиялық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай сот актісінің орындалуын заңда көзделмеген негіздерсіз тоқтата тұру ұлттық заңнама талаптарына қайшы келер еді", - деп атап өтті Әділет министрлігі.

Сондай-ақ министрлік экологиялық заңнама қоршаған ортаны, халықтың денсаулығын және басқа да қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталғанын алға тартты.
Ведомство ұстанымы бойынша, экологиялық заңбұзушылықтар үшін санкцияларды қолдану мен орындау жария құқық саласына жатады және коммерциялық арбитраж шешімдерімен шектелуі мүмкін емес.

"Шетелдік коммерциялық арбитраждың қамтамасыз ету шарасы республика заңнамасының императивтік нормаларынан басым емес, экологиялық айыппұлды өндіру туралы заңды күшіне енген сот актісінің орындалуына кедергі келтірмейді және мемлекеттің қоршаған орта мен қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі өзінің егеменді өкілеттіктерін жүзеге асыруын шектемейді", - деп түйіндеді Әділет министрлігі.

Қорытындылай келе, ведомство NCOC хабарламасында құпия сипаттағы талқылау туралы маңызды мәліметтерді жария еткеніне назар аударды.

"Сонымен қатар NCOC компаниясы өз баспасөз хабарламасында UNCITRAL қағидалары бойынша жалғасып жатқан арбитраждық талқылау туралы, соның ішінде трибуналдың қамтамасыз ету бұйрығы туралы маңызды мәліметтерді жария еткені алаңдаушылық туғызады. Талқылау мән-жайын мұндай жария түрде ашу халықаралық арбитраждың құпиялылық сипатына сәйкес келмейді және оның тиісті түрде жүргізілуіне ықпал етпейді", - деп қорытындылады министрлік.

2,3 триллион теңгелік даудың хронологиясы
Талқылау 2022 жылдың аяғында Атырау облысының Экология департаменті NCOC-ге жүргізген тексерістен кейін басталды. Ведомство мұнаймен бірге өндірілетін күкіртті сақтау ережелерінің бұзылғанын анықтады.
2022 жылдың желтоқсанында Атырау облысының Экология департаменті компанияға 2,356 триллион теңге көлемінде айыппұл салды. NCOC бұл шешімге қатысты сотқа бірнеше рет шағымданды.
Сот талқылауы әртүрлі нәтижемен өтті. 2025 жылдың тамызында айыппұл процестік негіздер бойынша жойылды, алайда кейін істі қарау жалғасты. 2026 жылдың маусымында Атырау облыстық соты айыппұлды күшінде қалдырды.
Сонымен қатар мемлекет NCOC компаниясына және Қарашығанақ кен орнының операторы Karachaganak Petroleum Operating (KPO) компаниясына талап қойды. Бұл талаптар компаниялардың мұнай өндіруіне негіз болатын өнімді бөлу туралы келісімдердің орындалуына байланысты.
Мемлекет мүддесін PSA компаниясы қорғайды. Қазақстан тарапы операторларды жобаларды іске асыру кезіндегі шығындарды негізсіз асырып көрсетті деп айыптап отыр, бұл шығындар кейін алынған пайда есебінен өтелуі тиіс болатын.
Мемлекет ұстанымы бойынша, бұл жағдай өндіруден түскен табыстың шамамен 98 пайызы шетелдік инвесторлар еншісінде қалуына әкеп соқтырған.
Қойылған талаптардың жалпы сомасы ресми түрде жарияланған жоқ. Журналистер мәліметінше, KPO-ға қатысты талап алты миллиард доллардан асуы мүмкін, ал NCOC-қа қатысты шағым 160 миллиард долларға жуық.
2026 жылдың қаңтарында Қарашығанақ төңірегіндегі дау бойынша арбитраж шешімі ішінара Қазақстанның пайдасына шықты. Ықтимал өтемақы көлемі екі-төрт миллиард долларға бағаланды. Сонымен қатар KPO-ның бұл шешімге шағым түсіру мүмкіндігі сақталып отыр.
Қашаған бойынша сот талқылауы бөлек жалғасып жатыр. Журналистер мәліметінше, бұл процесс 2028 жылдан ерте аяқталмауы мүмкін.
Жыл басында Bloomberg NCOC акционерлерінің бірі, италиялық Eni компаниясы 2017 жылдың өзінде серіктестеріне күкірт сақтауға байланысты тәуекелдер туралы ескерткенін жазды.
Компания күкіртті жеткілікті көлемде сыртқа шығармай жинай беруді жалғастыратын болса, оны сақтаудың рұқсат етілген шекті мөлшерінен асып кету қаупі бар екенін көрсеткен.
2019 жылы британдық Shell компаниясы шамамен 1,3 миллион тонна күкірттің сақталуына және соған байланысты салынуы мүмкін айыппұлға байланысты акционерлерге айтарлықтай қаржылық тәуекел туралы ескерту жасады.
2020 жылдың аяғында Eni басшылығы күкірт блоктарын ұсақтап, кейін сату үшін сыртқа шығаруды ұсынды. Алайда бұл ұсыныс іске асырылған жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *