Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Үйде жалғыз қалғанда 2” фильмінің жұлдызы өмірден өтті

Ирландиялық актриса Бренда Фрикер 81 жасында дүниеден озды. Ол қалың көрерменге "Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте адасу" Рождестволық комедиясындағы көгершін асыраған әйел рөлімен танымал, деп хабарлайды Tengri Life The Irish Times-ке сілтеме жасап.
Актрисаның қайтыс болғаны туралы оның көпжылдық агенті Фил Белфилд хабарлады.

"Бренда бүгін таңертең, 2026 жылғы 17 шілдеде қысқа уақытқа созылған сырқаттан кейін көз жұмғанын зор күйзеліспен хабарлаймыз. Ол жақындарының ортасында өмірден өтті", - делінген оның отбасы мен достары атынан жасалған ресми мәлімдемеде.

Фрикер 1990 жылы Джим Шериданның "Менің сол аяғым" атты культ драмасында сал ауруына шалдыққан суретші әрі жазушы Кристи Браунның жанқияр анасы миссис Браунның рөлін керемет сомдағаны үшін "Оскар" сыйлығын алып, әлемдік кинематограф тарихына енді. Ол Америка киноакадемиясының алтын мүсінін иеленген тарихтағы алғашқы ирландиялық әйел болды.

"Бренда ирландиялық актерлік мектептің алыбы, парасаты биік, харизмасы мықты және сирек талант иесі еді. Біз енді ешқашан ол сияқты адамды көрмейміз, оның қазасымен дүние босап қалғандай болды. Мен үшін оны білу, жақсы көру және онымен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеу үлкен мәртебе болды", - деп толықтырды Фил Белфилд.

Сондай-ақ алпыс жылдық мансабында Бренда Фрикер Ирландияда, Ұлыбританияда және Голливудта театр, кино және телевизия саласында жұмыс істеп үлгергені, өз буынының ең сыйлы әрі танымал актрисаларының бірі ретінде беделді болғаны атап өтілді.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 31 қаңтарда Лос-Анджелесте 71 жасында "Үйде жалғыз қалғанда" кинокомедиясында басты кейіпкердің анасын сомдаған канадалық-америкалық актриса Кэтрин О’Хара қайтыс болған еді. Актриса өлімінің себебі өкпе артериясының тромбоэмболиясы болды – бұл тромбтың өкпедегі қан тамырларын жауып тастауы. Сонымен қатар О’Хара 2025 жылдан бері тік ішек обырымен күресіп келген болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *