Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамптың қоңырауынан кейін АҚШ футболшысының қызыл қағазы жойылды

АҚШ президенті Дональд Трамп ФИФА президенті Джанни Инфантиномен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунға көрсетілген қызыл қағаздың күшін жою туралы айтты, деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі "Чемпионатқа" сілтеме жасап.
Балогун 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Бельгияға қарсы матч алдында ойыннан шеттетілген еді. Кейін ФИФА-ның тәртіптік комитеті қызыл қағаздың күшін жою туралы шешім қабылдады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Трамптың бұл шешімді қайта қарау үшін ФИФА президенті Джанни Инфантиноға жеке хабарласқаны жазылған. Бұл жағдай футбол жанкүйерлері арасында қызу талқыланды.

"Әлем чемпионатындағы ең есте қаларлық сәт пе? Бәлкім, Балогунға қызыл қағаз көрсетілген кез шығар. Мен Джанниге қоңырау шалып, өз пікірімді айтуға мәжбүр болдым. "Оны міндетті түрде алаңға қайтар" деген жоқпын. Тек шағымымды жеткіздім, одан әрі не боларын білмедім. Бірақ бәрі сәтті аяқталды, ешқандай келіспеушілік болған жоқ. Сен тағы да тамаша шешім қабылдадың, бірақ бұл үшін сені ешкім мақтамайды", – деді Трамп Fox News эфирінде Инфантиноға қарата.

Трамп Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухельдің Аргентинаға қарсы жартылай финалдағы тактикасына да пікір білдірді. Англия 55-минутта есеп ашқанымен, ойын соңында екі гол жіберіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған.

"Англия құрамасында мен бірге гольф ойнайтын керемет футболшы Гарри Кейн бар. Ол өте жақсы ойнады. Меніңше, оны қорғанысқа жіберіп, қателік жасады. Бірақ мен футболдан не білемін? Олар есепте алға шыққаннан кейін үздік ойыншысын қорғанысқа қойды. Сәл көбірек шабуылдау керек еді. Дегенмен жаттықтырушының жұмысынан не түсінемін? Бірақ бұл маған біртүрлі көрінді", – деді АҚШ президенті.

2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде Нью-Йорк маңындағы «Метлайф» стадионында өтеді. Бас жүлде үшін Аргентина мен Испания құрамалары кездеседі. Матч Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Бізге қосылыңыз және ең маңызды жаңалықтардан хабардар болыңыз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *