Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлттық экономика министрлігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық туралы ақпаратқа жауап берді

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жеке табыс салығын (ЖТС) төлей ме? Бұл сұраққа Ұлттық экономика министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БАҚ-та жаңа салық енгізілуі мүмкін екені туралы ақпарат пайда болғаннан кейін ведомство түсініктеме берді.
Министрлік мәліметінше, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында салық заңнамасын жетілдіру және өзін-өзі жұмыспен қамту институтын одан әрі дамыту мәселелері расында талқыланған.
Сарапшылар пікірталасы барысында қатысушылар бұл саланы болашақта реттеудің түрлі тәсілін қарастырды. Дегенмен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға ЖТС енгізу туралы ешқандай шешім қабылданған жоқ.
Сондай-ақ ведомство жаңа Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға тек 4 пайыз мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төлеу көзделгенін атап өтті.
Мұндай режим ай сайынғы табыс 300 АЕК-тен (2026 жылы 1 297 500 теңге) аспаған жағдайда, қызмет жалдамалы жұмысшыларсыз жүзеге асырылса және бекітілген тізімге кірсе ғана қолданылады.
Бұған қоса, министрлік өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың құқықтық мәртебесі шілдеде премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жобалық кеңсе отырысында талқыланғанын еске салды. Кездесу қорытындысы бойынша Әлеуметтік және Кәсіпкерлік кодекстерге өзгерістерді ағымдағы түзетулер пакетіне енгізбеу туралы шешім қабылданды.

"Бұл мәселені қарауға жаңа режимді қолданудың жеткілікті тәжірибесі жинақталып, оның жұмыс нәтижелеріне талдау жасалғаннан кейін, келесі жылы қайта оралу жоспарланған", - деп атап өтті ведомство.

Еске сала кетейік, қаңтарда салық мамандары 2026 жылдың алғашқы 10 күнінде 66 мың қазақстандық қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа арнайы салық режиміне өткенін хабарлаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *