Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанның жүргізуші куәліктері БАӘ-де жарамды деп танылды

2026 жылғы 25 шілдеден бастап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмастыру туралы келісім күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжат Қазақстан ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің БАӘ-ге жұмыс сапары кезінде қол қойылған.

Жаңа келісім екі ел азаматтарына ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалануды және алмастыруды едәуір жеңілдетеді.

Енді БАӘ-де уақытша жүрген Қазақстан азаматтары қазақстандық жүргізуші куәлігін сол елдің заңнамасына сай пайдалана алады. Ал тұрақты тұруға көшкен жағдайда "В" санаты бойынша, яғни жеңіл көлік жүргізуге арналған куәлікті және "В1" кіші санатындағы трициклдер мен квадроциклдерге арналған куәлікті теориялық және практикалық емтихан тапсырмай-ақ алмастыра алады.

Дәл осындай тәртіп Қазақстанға көшетін БАӘ азаматтарына да қолданылады.

Жүргізуші куәлігін алмастыру үшін жарамды ұлттық куәлік, қолданыстағы тұруға ықтиярхат, құжаттың ресми аудармасы қажет. БАӘ-де құжат араб тіліне, ал Қазақстанда қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуға тиіс. Сондай-ақ, міндетті медициналық тексеруден өту керек.

Бұл ретте ұлттық жүргізуші куәлігі алынбайды. Құжат алмастырылғаннан кейін екі елдің уәкілетті органдары бір-біріне рәсімнің аяқталғаны туралы ғана хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген тәртіп тек "В" санаты мен "В1" кіші санатына қатысты. Өзге санаттағы жүргізуші куәліктері барған елдің заңнамасына сай алмастырылады.

Министрлік шетелде жүрген қазақстандықтарды барған елдің заңдарын қатаң сақтауға, жергілікті дәстүрге, қоғамдық тәртіп нормалары мен мәдениетке құрметпен қарауға шақырды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *