Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Президенттің тапсырмасы орындалды: Қазақстанның бес нысаны ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

Маңғыстаудағы Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан Үпі жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Бұл шешім 25 шілдеде Пусан қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында қабылданды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ерлан Қариннің айтуынша, қасиетті орындардың ЮНЕСКО тізіміне енуі - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы әрі тікелей қолдауының нәтижесі.

"Бұл - Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Өйткені, төл мәдени мұрамыз ЮНЕСКО-ның беделді тізіміне соңғы рет 22 жыл бұрын, яғни 2004 жылы (2003 жылы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, 2004 жылы – Таңбалы петроглифтері) қосылған болатын", - деді ол.

Кейінгі жылдары Президент бастамасымен бұл бағыттағы жұмыс қайта жанданды. Атап айтқанда, 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы жартасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жөніндегі жұмысты бастауды тапсырған еді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мұраларды ЮНЕСКО тізімдеріне ұсыну жұмысын күшейтуді тапсырған. Соның ішінде ағаштан тұтас салынған Жаркент мешітін, Алматыдағы Вознесенск кафедралды соборын, Қаратау петроглифтерін және Абайдың "Қара сөздерін" ЮНЕСКО тізіміне енгізу міндеті қойылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *