Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Дастан Сәтбаев алғаш рет “Челси“ сапында бастапқы құрамда шығады

17 жастағы қазақстандық Дастан Сәтбаев Австралиядағы маусымалды турнесінің алғашқы матчінде "Челсидің" негізгі құрамында алаңға шығады. Бұл ойын ол үшін команда сапындағы алғашқы ресми ашық кездесу болмақ, деп хабарлайды Tengri Sport.
Сәтбаевтың тікелей эфирде көрсетілетін алғашқы матчы Сиднейде өтеді. Лондондық клубтың қарсыласы жергілікті "Вестерн Сидней Уондерерс" командасы болмақ.
"Челсидің" "Вестерн Сидней Уондерерске" қарсы ойындағы бастапқы құрамы:
Шарман-Лоу, Ачеампонг, Тосин, Субулое, Эменало, Уолш, Уотсон, Эссуго, Делап, Сәтбаев, Кавума-Маккуин.
Айта кетейік, матч Қазақстан уақытымен сағат 14:45-те басталады. Сондай-ақ бұл ойын "Челсидің" жаңа тәлімгері Хаби Алонсо үшін де алғашқы ашық кездесу болмақ.

Біздің бастапқы құрамымыз дайын! ???????? pic.twitter.com/f4zYQvgL7B
— Chelsea FC (@ChelseaFC) July 28, 2026
Дастан Сәтбаев - ағылшын клубындағы алғашқы қазақстандық
Еске сала кетейік, Дастан Сәтбаевтың "Челсиге" ауысатыны өткен жылы жарияланған болатын, бірақ ол тек 2026 жылдың маусымында "Қайраттан" кетіп, Лондонға қоныс аударды.
17 жастағы Сәтбаев - футболдан Қазақстан құрамасы тарихындағы ресми кездесулерде гол соққан ең жас ойыншы. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол авторларының ондығына кіреді.
Transfermarkt порталында Сәтбаевтың құны қазір 3,5 миллион еуроға бағаланып отыр - бұл Қазақстан құрамасының барлық ойыншылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Айта кетейік, Ағылшын Премьер-лигасындағы жаңа маусым 24 тамызда басталады, ал қазіргі уақытта "Челси" Австралия мен Азия елдерінде маусымалды турнеде жүр. Сиднейдегі матч - жоспарланған бес кездесудің алғашқысы.
“Челси“ Дастан Сәтпаевтың ауысуынан кейін мәлімдеме жасады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *