Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қайрат“ бапкері Түркістанда өтетін Чемпиондар лигасының матчі туралы пікір білдірді

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Оразбахтин Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің болгариялық "Левскиге" қарсы қарымта ойынында командасы жеңіске жетуге тырысатынын айтты, деп хабарлайды Tengri Sport клубтың әлеуметтік желілеріне сілтеме жасап.
Софияда (Болгария) өткен алғашқы кездесуде қазақстандық команда 92-минутта жіберіп алған голдың кесірінен тең нәтижені уысынан шығарып алды.

"Соңғы минуттарда, оның үстіне рикошеттен гол жіберіп алу өте өкінішті. Бірақ не істеуге болады. Алда қарымта матч бар, өз алаңымызда сапалырақ ойын көрсетіп, оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз", - деді маман баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, "Қайрат" қарымта кездесуді Алматыдағы "Орталық" стадионда емес, Түркістанда өткізеді. Аренаның ауысуы қалада Канье Уэсттің концерті өтетіндігіне байланысты.
Журналистердің айтуынша, "Левскимен" өткен ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Оразбахтин тіпті жанкүйерлерді Алматыға шақырған, бірақ кейін жаңылғанын түсінген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Чемпиондар лигасы 7 мың адамдық стадионда өтеді
Еске сала кетейік, "Орталық" стадиондағы 23 мың адамның орнына қарымта матчте командаға 7 мыңнан аспайтын жанкүйер қолдау көрсете алады.
Құны 39 миллион доллар болатын арена 2020 жылдың тамыз айында салынған және осы уақытқа дейін бірде-бір рет Чемпиондар лигасының ойындарын қабылдамаған.

"Левски" "Қайраттан" басым түсті: Чемпиондар лигасы матчіне видеошолу
Софиядағы матчте алаң иелері толық басымдыққа ие болды. Бұл, мысалы, қақпаға бағытталған соққылар статистикасынан көрінеді – "Левскидің" пайдасына 13:0.
Бұған қарамастан, алматылықтар соңғы минуттарға дейін 0:0 есебін ұстап тұрды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *