Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Құрамадағы орнынан айырылған қазақстандық әлем чемпионы кәсіпқой боксқа ауысты

Қазақстандық боксшы, әуесқойлар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай аса жеңіл салмақта IBF Asia чемпионы атағы үшін кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Санжар Тәшкенбай Халықаралық бокс күніне орайластырылған турнирде бақ сынайды. Қазақстандық боксшының қарсыласы филиппиндік Нил Джакамос болмақ. Жекпе-жекте аса жеңіл салмақтағы бос тұрған IBF Asia чемпионы титулы сарапқа салынады. Турнир 28 тамызда Астана қаласында өтеді.Қазақстандықтың қарсыласы кәсіпқой рингте сегіз кездесу өткізіп, жеті жеңіске жеткен және бір рет жеңілген. Филиппин спортшысы әлемдік рейтингте үздік 50 боксшының қатарына кіреді. 2025 жылы ол өз елінің чемпионы атанып, WBC жастар белбеуіне үміткер болған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы


Тәшкенбай және Қазақстан құрамасы
Бұған дейін Санжар Тәшкенбайдың Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының сапына енбейтіні белгілі болған еді. Бұл жарыстың тек алты салмақ дәрежесінде өтетіндігімен және оның ішіндегі ең жеңіл салмақтың 55 келіге дейін екендігімен байланысты.
Қазақстан бокс федерациясының Tengri Sport-қа берген мәліметінше, бұл Тәшкенбай өнер көрсететін 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің Олимпиада бағдарламасына енбеуімен де түсіндіріледі.
Осылайша, бұл циклде Тәшкенбай Азия чемпионатына, әлем чемпионатына және әлем кубогіне қатысады, бірақ кешенді жарыстардан тыс қалады. 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатында ол ел тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы атануы мүмкін.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Санжар Тәшкенбайдың жазбасы (@tashkenbay_sanzhar)


Естеріңізге сала кетейік, Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.
Бұған дейін осы маусымдағы басты додаларға қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының сапы жарияланған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *