Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке тағайындалды
Осы маусымның басынан бері "Жеңісте" жұмыс істеген 45 жастағы маман бапкерлік қызметін клубтағы басқа жұмысқа ауыстырды.
"Клуб басшылығының шешімімен Әли Әлиев негізгі команданың бас бапкері қызметін аяқтап, "Жеңіс" ФК техникалық директоры ретіндегі жұмысын жалғастырады", - делінген мәлімдемеде.
Жаңа қызметінде Әлиев клубтың спорттық вертикалін дамытумен, сондай-ақ селекция және әдістемені жетілдірумен айналысады.
Әли Әлиев құрамадан 0:6 есебінен кейін кетті, ал клубты турнир кестесінде 8-орында қалдырды
Еске сала кетейік, Әли Әлиев 2025 жылдың 31 қаңтарынан бастап футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы болды, кейін толыққанды келісімшартқа отырған еді.
Алайда Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде қатарынан төрт рет жеңіліске ұшырап, Бельгиядан 6:0 есебімен ойсырай жеңілген соң, бапкер командада жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.
2025 жылдың желтоқсанында ол елордалық "Жеңісте" жұмыс істейтіні белгілі болды. Клубтың алдына биік мақсаттар қойылғанымен, команда нәтиже көрсете алмады: турнир кестесінде небәрі сегізінші орын және ел кубогі жартылай финалының алғашқы матчінде "Қайсардан" 1:3 есебімен жеңіліс тапты.
"Жеңістің" жаңа бапкері кім болатыны әзірге хабарланған жоқ, бірақ маманның командамен танысуына біраз уақыты болады. Елордалық клуб чемпионат аясындағы "Қайратқа" қарсы алдағы матчті ауыстыруға келісті, сондықтан ойыншылар алаңға тек 15 тамызда "Жетісуға" қарсы шығады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
"Жеңіс" футбол клубының (@jenisfk.kz) жарияланымы
2025 жылдың аяғында Әли Әлиев Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық футболдағы жыл қорытындысын шығарды.
Ал футболдан Қазақстан құрамасы Талғат Байсуфинов қызметінен кеткеннен кейін бір айдан астам уақыт бойы бас бапкерсіз қалып отыр.