Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтөбе тұрғындары мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көпқабатты үйлердің сапасына шағымданды

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған жаңа көпқабатты үйлердің тұрғындары бірнеше айдан бері газсыз отыр. Амалсыз электр плитасымен ас әзірлеп жүрген жұрт енді жарықтың төлемі қанша болып келер екен деп алаңдап отыр, - деп хабарлайды Тengri Нome тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Газ жоқ, сондықтан бәрі тамақты токпен пісіреді. Көпбалалы отбасылар үшін бұл - орасан зор шығын. Қомақты шоттар жиналып қалды. Келесі айда қанша сома келетінін елестетудің өзі қорқынышты. Оны қалай төлейміз? Газ туралы сұрасақ, бізді бір мекемеден екіншісіне сілтеп жібереді", - деп шағымданды Салтанат Жиенбаева.


Тоғыз қабатты үйлерден пәтерлерді көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар жандар алған. Тұрғындар бұл баспананы 15 жыл бойы күткен. Пәтерлер 2 пайыз жеңілдетілген ипотекамен ресімделген және ай сайынғы төлемдерді жұрт уақытылы төлеп отыр. Алайда, қоныс тойын тойлағандардың айтуынша, пәтерден кемшіліктері анықталған. Әсіресе арбаға таңылған жандарға қиын соғып тұр. Олар есік ойықтарының тым тар екеніне, ал орнатылған пандустың мүлдем қолайсыздығына және қыста қауіпті болуы мүмкін екеніне шағымданып жатыр.

"Бұл электрлі пандус қыста қатып қалады. Оны білемін. Одан да жатық етіп, кәдімгі бетоннан жасаған дұрыс еді. Сонда ыңғайлы әрі қауіпсіз болар еді", - деді Серік Құлмырза.


Қалалық құрылыс бөліміндегілер тұрғындардың газсыз қалуы салғырттықтан емес деп сендірді. Қазір мамандар газ құбырын тексеріп, жүйені міндетті сынақтан өткізіп жатыр.

"Қазір газ құбырын сығымдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жүйенің қауіпсіздігін тексеру үшін қажет. Сынақ жұмыстары толық аяқталғаннан кейін газ беріледі. Жоспар бойынша бұл тамыздың аяғына дейін жүзеге асуға тиіс", - деді Ақтөбе қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің бас маманы Сапармұрат Баймұратов.


Ал тұрғындар әлі де күтуге мәжбүр. Әкімдіктегілер көпқабатты үйлердің әлі де кепілдік мерзімінде екенін, демек, мердігер барлық құрылыс кемшіліктерін өз есебінен жоюға міндетті екенін еске салды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *