Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Грантқа түсе алмасаңыз, не істеу керек? Бұрынғы министр кеңес берді

Күні кеше Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімін жариялады. Қоғам қайраткері, бұрынғы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тегін оқуға түсе алмаған талапкерлерге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengri Edu.
Асхат Аймағамбетов грантқа түсе алмаған талапкерлер үшін бірнеше мүмкіндік бар екенін еске салды. Оның айтуынша, кейінірек пайдаланылмаған мемлекеттік гранттар қайта бөлінеді және олар талапкерлер арасында ҰБТ балдарына сәйкес үлестіріледі.

"Әкімдік гранттары бар. Жергілікті бюджеттен тағы бірнеше мың грант бөлінеді. Сонымен қатар, "Қазақстан халқына" қоры да білім беру гранттарын ұсынады. Қосымша ақпаратты олардың сайтынан білуге болады", - деп жазды ол ресми Telegram-арнасында.

Бұдан бөлек, Асхат Аймағамбетов кейбір талапкерлер оқудан бас тартқан жағдайда гранттардың бір бөлігі жалпы конкурсқа қайтарылатынын хабарлады. Ол мұндай гранттардың қайта бөлінетінін нақтылады.
Сондай-ақ, грантқа түсе алмағандарға ақылы негізде оқу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

"Университетке ақылы негізде түсіп, кейін оқу үлгеріміңіз жақсы әрі GPA көрсеткішіңіз жоғары болса, босаған гранттарға өтініш беруге болады. Оған қоса, жоғары оқу орындарының ішкі гранттары да болады", - деді ол.

Анықтама: GPA (Grade Point Average) - бұл студенттің барлық оқыған пәні бойынша алған бағаларын есепке ала отырып есептелетін орташа үлгерім балы. Бұл көрсеткіш академиялық үлгерімді бағалау үшін қолданылады.
Оның сөзінше, тағы бір нұсқа - академиялық демалыс (gap year) алып, дайындалып, ҰБТ-ны қайта тапсыру. Сонымен қатар, ол колледждерге түсуге де назар аударуды ұсынып, еңбек нарығында орта кәсіптік білімі бар мамандарға сұраныс жоғары екенін атап өтті.
Білім беру гранттары қалай бөлінді?
Еске салайық, Мемлекеттік білім беру гранттарын бөлумен Республикалық конкурстық комиссия айналысты. Оның құрамына мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, білім беру саласындағы кәсіподақ өкілдері, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, конкурсқа қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер құжат тапсырған. Бұл шамамен 113 мың өтініш тіркелген былтырмен салыстырғанда 14 мыңға көп.
2026 жылы бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу үшін мемлекет 75 мыңнан астам білім беру грантын бөлді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып жүргізілді. Бюджеттік орындардың негізгі көлемі тағы да экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлауға бағытталды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *