Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бір кіргені үшін 21 мың: таксистер Алматы әуежайындағы айыппұлға шағымданды

Әлеуметтік желіде жүргізушілер Алматы әуежайы терминалына жолаушыларды түсіру үшін тоқтағанына салынған айыппұлға шағымданып жатыр. Кейбір такси жүргізушілері бұл жағдайға байланысты әуежайға баратын тапсырыстардан бас тарта бастағанын айтады, деп хабарлайды Tengri Auto.
Жазбалардың бірінде жүргізуші 7 тамызда халықаралық терминалдың екінші қабатына кіріп, чемоданы бар жолаушыны түсіріп кеткенін айтқан. Оның сөзінше, шамамен бір аптадан кейін оған 21 мың теңге көлемінде айыппұл келген.
Бұл мәселе туралы редакциямыздың WhatsApp нөміріне де жазып жатыр, онда жүргізушілерге ҚР Жол қозғалысы ережесінің (ЖҚЕ) 3.28 белгісі аймағында тоқтағаны үшін жаппай айыппұл келіп жатқаны хабарланды.
Бұл ретте жүргізушілер жолаушыларды мінгізу-түсіруге арналған пандус бұған мүлдем бейімделмегенін және ол жерде ЖҚЕ-нің барлық талабын сақтау қиын екенін атап өтті.

"Таксистер әуежайға тапсырыс алудан қорқып қалды және айыппұл арқалау қаупіне байланысты онда барудан бас тарта бастады. Ал әуежайға тапсырыс қабылдайтын көліктер тапшылығынан қосымшадағы жол жүру құны бірнеше есе өсіп жатыр", - делінген хабарламада.

Біз осындай айыппұл алған жүргізушімен тілдестік, ол да халықаралық терминал маңында жолаушыларды түсіргенін, шамамен 30 минуттан кейін оған 22 мың теңге айыппұл келгенін айтты.
Жүргізушілер терминал маңында жолаушыларды нақты қай жерде түсіруге болатынын және неге аз уақытқа тоқтаудан кейін айыппұл келетінін түсінбей отыр.
Полиция не деді?
Алматы полиция департаменті жолаушыларды түсіру үшін тоқтағанда айыппұл салынады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Әуежай аумағындағы жекелеген учаскелерде 3.28 "Тоқтап тұруға тыйым салынады" жол белгісі орнатылған. Бұл ретте жолаушыларды түсіру үшін тиісті жол белгілерімен белгіленген арнайы орындар қарастырылған", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері ЖҚЕ бойынша, егер ереже талаптары сақталса және тоқтау ұзақтығы белгіленген уақыттан аспаса, тоқтап тұруға тыйым салынған учаскелерде де жолаушыларды мінгізу немесе түсіру үшін тоқтауға рұқсат етілетінін нақтылады.
Осылайша, жолаушыны түсіру үшін аз уақытқа тоқтау айыппұл салуға негіз болмайды. Дегенмен, жүргізуші жол белгісі талаптарын немесе ЖҚЕ-нің басқа да ережелерін бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Сондай-ақ полиция қаулымен келіспеген жағдайда жүргізуші белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы екенін атап өтті.
Айыппұлдарды даулау бойынша нұсқаулық
Бұған дейін адвокат Жандос Палманов айыппұлды даулау алгоритмін түсіндірген болатын:

қаулыны елеусіз қалдырмай, оның мазмұнын мұқият зерделеу;
ережебұзушылық тіркелген барлық материалды алу және сақтау, сондай-ақ өз дәлелдемелеріңізді жинау: видетіркегіш жазбалары, суреттер, навигация деректері, құжаттар және куәгерлердің айғақтары;
нақты заңбұзушылықты көрсете отырып және барлық растаушы материалды қоса беріп, негізделген шағым дайындау.

Қажет болған жағдайда сарапшы білікті заңгерлік көмекке жүгінуге кеңес берді.
Шағымданудың қолжетімді жолдары:

eGov, eOtinish платформалары арқылы;
Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі (ӘҚББТ) платформасы арқылы;
Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөліміне жеке бару арқылы
Алматы ПД (мекенжайы: Алматы қ., Байтұрсынов көш., 185 б).

Тағы оқыңыз: Рөлде құлағыңызды қасымаңыз: жүргізушілерге ескерту жасалды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *