Қазақстандық әйел ақауы бар көлік үшін автосалоннан жеті миллион теңге өндіріп алды
Қостанай тұрғыны ескі көлік сататын компаниядан жеті миллион теңгеден астам соманы сот арқылы өндіріп алды, деп хабарлайды Tengri Auto Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Әйел автосалоннан жүрілген көлік сатып алуды ұйғарған. Алайда көп ұзамай, темір тұлпарды қабылдап алғанға дейін оның ақауларын байқаған. Кемшіліктердің нақты не екені көрсетілмеген, бірақ оларды анықтауға тәуелсіз техникалық диагностика көмектескен.
Келісімшартты бұзып, ақшаны қайтару үшін сотқа жүгінуге тура келген. Бірақ сот талап арызды қанағаттандырмай, сатушының автокөлікті қабылдау туралы қарсы талабын мақұлдаған. Әйел бұл шешімге облыстық сотқа шағым түсірді.
"Бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілді, сатып алу-сату шарты бұзылды. ЖШС-ден талап қоюшының пайдасына автокөлік құны ретінде 7 миллион 300 мың теңге және 100 мың теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі міндетін атқарушы Юлия Ярошенко.