Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

15 миллион қазақстандықтың паспорты “тарап кеткен“: министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Желіде 15 миллион қазақстандықтың дербес деректері даркнетте жарияланғаны туралы ақпарат тарады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұзылған жоқ"
Министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп техникалық тексеріс жүргізді. Олардың мәліметінше, eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны анықталған жоқ.
Анықтама: eGov - азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік қызметтер мен анықтамаларды онлайн алуға, өтініш беруге, мемлекеттік баждар мен айыппұлдарды төлеуге, сондай-ақ өзге де цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік беретін мемлекеттік портал.
Ведомство eGov жүйесінің бұзылғаны және 15 миллион қазақстандықтың деректері тарап кеткені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

"Сонымен қатар біз даркнетте сатылымға шығарылған файлдарға қол жеткіздік. Оларды талдау барысында бұл әртүрлі белгісіз файлдар мен суреттердің жиынтығы екені анықталды және ЕGov жүйесінен алынған деректер базасының көшірмесі еместігі белгілі болды. Мұны растайтын басқа да фактілер бар. Атап айтқанда, жарияланған деректер массивінің көлемі мен мазмұны бір-біріне сәйкес келмейді. Бұдан бөлек, eGov жүйелерінде хабарландыру авторы көрсеткендей, паспорттардың скан-көшірмелері сақталатын база жоқ. Цифрлық құжаттар мүлдем басқа тәсілмен қалыптастырылады және сақталады. Сондықтан тағы да ресми түрде мәлімдейміз: eGov жүйесі бұзылған жоқ", - деп хабарлады министрлік.

Анықтама: Даркнет - бұл әдеттегі іздеу жүйелері арқылы қолжетімді емес және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қажет ететін интернеттің жасырын бөлігі. Анонимділік деңгейі жоғары болғандықтан, мұнда заңсыз сауда алаңдары мен басқа да құқыққа қайшы ресурстар жиі орналасады.
Ведомство өкілдері даркнеттегі анонимді хабарландырудың өзі жүйенің бұзылғанын немесе деректердің тарап кеткенін дәлелдемейтінін атап өтті.

"Миллиондаған азаматтың дербес деректері туралы сөз болған жағдайда, ақпаратты белгіленген факт ретінде таратпас бұрын, ең алдымен оның шынайылығын мұқият тексеріп алған дұрыс", - деп толықтырды министрлік.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде хакер 15 миллион қазақстандықтың мәліметі бар дерекқорды даркнетте сатуға шығарғаны туралы ақпарат тараған болатын. Желідегі хабарламаға сәйкес, сатушы дерекқорды 0,5 биткоинге (шамамен 32 мың доллар) бағалаған. Онда азаматтардың дербес және байланыс деректері, соның ішінде паспорттық мәліметтері, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, жұмыс орны туралы ақпарат, құжаттардың сканерленген нұсқалары мен құпиясөздер бар екені айтылған еді.
Бұл ретте, әлеуметтік желідегі хабарламаларға қарағанда, сатушы дерекқор eGov жүйесін бұзу нәтижесінде алынғанын айтады.
Тағы оқыңыз: Қазақстандық күтпеген жағдайда бөтеннің eGov аккаунтына кіріп кеткен: тексеріс басталды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *