Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанның тағы бір қаласында құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектескендерге ақша төленеді

Шымкентте құқық бұзушылықтарды анықтауға және оның алдын алуға көмектескен азаматтарды ынталандырудың жаңа ережелері әзірленіп жатыр. Әкімдік өкілдері Tengrinews.kz-ке бұл бастаманың қалай жүзеге асатынын айтып берді.
Шымкентте не жоспарланып отыр?
Шымкент әкімдігі редакцияның ресми сауалына берген жауабында қазіргі уақытта билік құқық бұзушылықтың алдын алуға атсалысқан азаматтарды көтермелеу ережелерін әзірлеп жатқанын хабарлады. 2026 жылғы 7 тамызда жоба Әділет министрлігімен келісілді.
Ережелерде көтермелеудің бірнеше түрі қарастырылған:

алғыс жариялау;грамотамен марапаттау;ақшалай сыйақы төлеу;білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;ұйымдар мен кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынымдар жолдау;құқық бұзушылықтың алдын алуға елеулі үлес қосқан тұлғаларды мемлекеттік наградаларға және құрметті атақтарға ұсыну.

Қанша қаражат бөлінген?Қала тұрғындарына төлем жасау үшін бюджеттен 3 460 000 теңге бөлінген. Тіпті, тұрғындардың бір бөлігі ақшаны алып та үлгерген.

"Шымкент Полиция департаменті бастығының 2026 жылғы 21 шілдедегі бұйрығы негізінде құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысқан 50 азаматқа айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінде ақшалай сыйақы төленді", – делінген әкімдік жауабында.

2026 жылы бір АЕК 4 325 теңгеге тең. Осылайша, 50 тұрғынның әрқайсы 43 250 теңгеден алған.
Бұл ретте әкімдік бұл соманың тұрақты не өзгеретінін нақтыламады.
Бұған дейін не болды?
Бұған дейін Астанада азаматтарды ынталандырудың жаңа ережелері бекітілген болатын. Әкімшілік құқық бұзушылықты фото немесе видеоға түсіріп, материалдарды мемлекеттік органдарға берген елорда тұрғындары ақшалай сыйақы ала алады.
Ең жоғары төлем 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) болады. Ақша құқық бұзушылық расталып, қаулы күшіне енгеннен және құқық бұзушы айыппұлды толық төлегеннен кейін төленеді.
Бұл ретте хабарлама бірегей болуы тиіс: өтініш берілген сәтте бұл заңбұзушылық бұған дейін камералар, полиция немесе басқа да лауазымды тұлғалармен тіркелмеген болуы шарт. Анонимді хабарламалар үшін сыйақы қарастырылмаған. Толығырақ осы жерден оқыңыз. 17 миллион теңгеге дейін: жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарды қалай ынталандырады?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *