Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды
Полицияға Қарабастау ауданында суға шомылу кезінде екі қызды ағыс әкетіп бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген полицейлер судағы бойжеткендерді көріп, дереу көмекке ұмтылды. Инспектор Нұрлан Жұмабай әріптестерімен бірге қыздарды судан шығарып, жағаға жетуіне көмектесті.
Құтқарылғаннан кейін қыздарға алғашқы көмек көрсетілді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Шымкент қаласы полиция департаментінің жарияланымы (@police_shymkent)
Полиция азаматтарға су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, қауіпті жерлерде суға түспеу және өз мүмкіндіктерін асыра бағаламау қажеттігін еске салды.