Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы метросы блэкауттан кейін жұмысын қайта бастады

Алматы метрополитені электр энергиясының өшуіне байланысты уақытша тоқтағаннан кейін жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
"Жолаушылардан кешірім сұраймыз": не болды?
Метроны электр қуатымен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді. Қазір пойыздар жолаушыларды қайта тасымалдап жатыр.

"Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп, метрополитен жұмысы қайта жанданды. Электр пойыздары қалыпты режимде жүріп жатыр. Уақытша қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз", – деп хабарлады әкімдік.

Метро неге тоқтап қалды?
Бұған дейін 14 тамызда Алматыда электр қуатының жаппай сөнуіне байланысты метрополитен пойыздар қозғалысын уақытша тоқтатқан болатын.
Бекеттердегі жарық пен желдету жүйесі резервтік аккумуляторлар есебінен жұмыс істеп тұрды. Жолаушылар бекеттер мен пойыздардан эвакуацияланды. Tengrinews.kz оқырмандары редакцияға эвакуация кезіндегі видеоларды жолдады.

Tengrinews оқырманы жолдаған фото
Tengrinews оқырманы жолдаған фото
Алматы мен облыстағы жарық мәселесі
Еске сала кетейік, 14 тамызда сағат 15:00 шамасында Алматы мен облыс тұрғындары жарық өшкені туралы хабарлай бастады. Бұған KEGOC компаниясына тиесілі кернеуі 500 кВ әуе электр желілерінің апатты түрде ажырауы себеп болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан жалпы қуаттылығы 300 мегаватт болатын жүктеме ажыратылған.
Алматыда Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарындағы тұтынушылардың бір бөлігі жарықсыз қалды. Блэкаут салдарынан кейбір бағдаршамдар мен метро жұмысы тоқтап, байланыс үзілді және кептеліс пайда болды. Қиылыстарда реттеушілер жұмыс істеді.
Электр энергиясымен байланысты мәселелер Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына да әсер етті. Сондай-ақ іркілістер туралы Орталық Азияның басқа елдерінде – Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда хабарланды.
Алматының кейбір аудандарында жарық беріле бастады. Бұл туралы тұрғындардың өздері хабарлады. Энергетика министрлігі бұған дейін жақын уақытта Алматыда және Қазақстанның басқа өңірлерінде электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілетінін хабарлаған болатын.
Тағы оқыңыз: Алматы блэкауттан кейін қалпына келіп жатыр: қалада жарық беріле бастады
Алматыда метро тоқтап қалды: эвакуацияланған жолаушылардың видеосы жарияланды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *