Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ислам Махачев UFC титулы үшін өткен жекпе-жекте Иэн Гэрриді жеңді

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев ирландиялық Иэн Гэрриді жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Жекпе-жек Филадельфияда (АҚШ) өткен UFC 330 турнирінің басты оқиғасы болды. Алғашқы минуттардан бастап Махачев лоу-киктермен жұмыс істеп, көп ұзамай алғашқы тейкдаунын жасады. Гэрри тордың қасында түрегелуге тырысқанымен, чемпион оны бақылауда ұстап, аяғы мен денесінен тіземен соққылар бағыттады. Айтарлықтай ауыр зақым келмесе де, толық бақылау Махачевтің еншісінде болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC (@ufc) жарияланымы


Екінші кезеңде Гэрри қашықтықта аяқпен белсендірек жұмыс істей бастады. Бір қақтығыстан кейін Махачев жойқын хай-кик жасады - Гэрри октагонға құлағанымен, тез бой түзеді. Содан кейін чемпион оң жақ тік соққысын дәл тигізіп, қарсыласын жамбас арқылы лақтыру әдісімен партерге түсірді. Махачев Гэрридің ес жиюына мұрша бермей, қысым көрсетуді жалғастырды және жекпе-жектің барысын өз бақылауында ұстады.

HEADKICK DROPS IAN@MAKHACHEVMMA қысымды үдетіп жатыр!! #UFC330 pic.twitter.com/d2eFTofRXE
— UFC (@ufc) August 16, 2026
Үшінші раунд ең тартысты кезең болды. Гэрри қашықты жақсы бақылап, аяқпен белсенді қимылдады және мезгіл-мезгіл бастан соққылар бағыттап отырды. Махачев тейкдаун жасағанымен, Гэрри қауіпті позициядан шығып, тіпті бастаманы өз қолына алуға тырысты.
Төртінші раундта Махачев қайтадан тейкдаундарға иек артты. Чемпион қарсыласын бірнеше рет партерге түсірді, алайда Гэрри тез тұрып кетіп, клинчте және тік тұрған қалыпта қысқа соққылармен жауап беріп үлгерді. Бақылау әлі де Махачевте болғанымен, тік тұрып айқасуда Гэрри ширақы көрініп, көбірек көзге түсетін соққылар жасады.
Шешуші раундта Гэрри шабуылды үдеткенімен, Махачев жекпе-жек тізгінін тез арада қайта алды. Ол тейкдаун жасап, қарсыласының арқа тұсына өтті де, раунд аяғына дейін осы позицияда бекініп, қысқа соққылар жасаумен және қылқындыру әдісіне мүмкіндік іздеумен болды.
Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Ислам Махачевке берді.

ISLAM MAKHACHEV KEEPS HIS BELT ???????? @paramountplus pic.twitter.com/XwklYVo7JZ
— UFC on Paramount+ (@UFConParamount) August 16, 2026
Осылайша, чемпион өз белбеуін сәтті қорғап, мансабындағы 29-шы жеңісіне қол жеткізді (бір жеңілісі бар). Ал Иэн Гэрри үшін бұл 17 жеңістен кейінгі екінші жеңіліс болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC (@ufc) жарияланымы














Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC (@ufc) жарияланымы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *