Қазақстанның бірінші ракеткасы 175 миллиондық турнирді сенімді бастады
Матч 6:4, 6:2 есебімен қазақстандық-сербиялық дуэттің пайдасына аяқталып, 1 сағат 6 минутқа созылды.
Келесі кезеңде Данилина мен Крунич жұбы Сторм Хантер (Аустралия)/Дезире Кравчик (АҚШ) және Магали Кемпен (Бельгия)/Александра Панова матчінің жеңімпаздарымен кездеседі.
Айта кетейік, Цинциннати турнирінің жұптық сынында жеңіске жеткен жағдайда, дуэт 379 мың 80 доллар немесе шамамен 175 миллион теңге көлеміндегі сыйақыны өзара бөліседі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz) жарияланымы
Анна Данилина30 жастағы Анна Данилина - теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы көшбасшыларының бірі. Оның еншісінде 12 WTA титулы бар, соның ішінде финляндиялық Харри Хелиёваарамен бірге аралас сындағы US Open жеңісі де бар.
Бұдан бөлек, Данилина жұптық сында Үлкен дулыға турнирлерінің финалында төрт рет өнер көрсетті. Кейінгі рет оның Круничпен бірге құрған дуэті "Ролан Гаррос" турнирінің шешуші матчіне дейін жетіп, онда Синякова (Чехия)/Таусенд (АҚШ) жұбына есе жіберді.
Анна Қазақстан құрамасына тұрақты түрде шақыртылады, Азия ойындарының жүлделерін жеңіп алған, сондай-ақ Билли Джин Кинг кубогінде командаға көмектесіп келеді. Кейінгі рет Данилина ұлттық құрамаға Канада командасын жеңіп, турнирдің финалдық кезеңіне шығуға септігін тигізді.
Фото: TengriNews.kz/Маржан Қуандықова
Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады “284 саты жоғарылады“: қазақстандық теннисші WTA рейтингінде көтерілдіҚазақстандық маман әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасының жаттықтырушысы болды