Жатақхана үшін 100 мың теңгеге дейін: Қазақстанда бұл төлем кімдерге беріледі?
Қазақстандық кейбір студенттер жатақханада тұру шығынынының өтемі үшін жылына 100 050 теңгеге дейін ала алады. Бұл туралы жаңалықты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды Tengri Education.
Төлемді кімдер ала алады?Өтемақы студенттердің бірнеше санатына қарастырылған. Оған үміткер бола алатындар:
жетім балалар;
I және II топтағы мүгедектігі бар студенттер;бала кезінен мүгедектігі бар студенттер.
Өтемақы мөлшері 29 АЕК-ке дейін немесе жылына 100 050 теңге болады. Өтемақы бірінші курс студенттеріне ғана қолжетімді емес
Жарияланымға сәйкес, қолдау тек бірінші курс студенттерімен шектелмейді. Аталған санаттағы студенттер өтемақыны екінші және үшінші курстарда да ала алады.
Осылайша, студенттердің жатақханада тұру шығынын ішінара өтеуге қаржылай көмек бірнеше жыл бойы беріледі. Бұл шара әлеуметтік осал топтарға жататын студенттерді қолдауға бағытталған.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда жатақханаларда қанша орын жетіспейді және студенттер қайда баруы керек?