Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтар балаларды мектепке қабылдаудан бас тартқанына шағымданды: министрлік не дейді?

Қазақстандық ата-аналар әлеуметтік желілерде балаларды мектепке, соның ішінде тұрғылықты жері бойынша қабылдаудан бас тарту жағдайлары туралы айтып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі мектептің баланы не себепті қабылдамауы мүмкін екенін және мұндай жағдайда не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Tengri Edu тілшісі.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаудан бас тарту мәселесін журналистер Үкіметте өткен брифингте көтерді. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарованың сөзінше, қабылдау науқанының басындағы проблемалардың бір бөлігі техникалық сәттерге байланысты болған.

"Бастапқыда техникалық мәселелер, соның ішінде кейбір құжаттардың дұрыс ұсынылмауына байланысты бас тарту жағдайлары болды. Бірақ қазір бәрі ретке келтірілді", - деді Ақпарова.

Биыл бірінші сыныпқа шамамен 380 мың баланы қабылдау жоспарланған. Өтінішті 31 тамызға дейін беруге болады.
Тұрғылықты жері бойынша мектепке қабылдаудан неге бас тартуы мүмкін?
Журналистер ата-аналардың баланы тіпті тұрғылықты жері бойынша мектепке орналастырғысы келген кездің өзінде не себепті бас тарту алатынын нақтылады.
Ақпарованың айтуынша, ата-аналардың білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар, алайда қабылдау кезінде нақты мектептің мүмкіндіктері ескеріледі.

"Егер білім беру ұйымының жобалық қуаты баланы қабылдауға мүмкіндік бермесе, онда мектеп оны оқуға ала алмайды, өйткені сақталуы тиіс белгілі бір Санитарлық қағидалар мен норма (СанПиН) талаптары бар", - деп түсіндірді бірінші вице-министр.

Бұл ретте бала орынсыз қалмауы тиіс. Министрлік ақпаратынша, егер таңдалған мектепте орын толып кетсе, бала ата-ананың қалауы ескеріле отырып, маңайдағы мектептердің біріне қабылданады.
Қазақстан мектептерінде қанша орын жетіспейді?
Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов қазіргі уақытта ел бойынша тапшылық 245 мың оқушы орнын құрайды.

"Салыстырмалы түрде алсақ: 2020 жылы шамамен 1 миллион орын жетіспеген болатын. Кейінгі бес жылда елімізде 1 120 мектеп салынды, оның ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы 217 мектеп бой көтерді", - деп толықтырды вице-министр.

Сонымен қатар тапшылықты азайту үшін мемлекет жекеменшік мектептерге білім беру тапсырысын орналастырған. Биыл 749 жекеменшік мектеп шамамен 118 миллиард теңге алды.
Министрлік үш ауысымды мектептер санының азайғанын мәлімдеді. Кейінгі үш-төрт жылда олардың саны төрт есе қысқарған. Қазір Қазақстанда 48 үш ауысымды мектеп қалды, олардың жартысынан астамы Алматы облысында орналасқан. Ведомство мұны Алматы төңірегіндегі агломерацияның өсуімен байланыстырады.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде қандай жаңа пәндер пайда болатынын айтқан еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *