Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/4 финалына шықты: қазақстандық теннисші кіммен ойнайды?
1/8 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Диана Шнайдермен (№14) кездесті. Бір сағат 26 минутқа созылған матчте Елена екі сетте де басым түсіп, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
WTA (@wta) жарияланымы
Жартылай финал жолдамасы үшін Рыбакина турнирдің қазіргі чемпионы, Польша өкілі Ига Швёнтекпен бақ сынасады.
Еске сала кетейік, WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің осы кезеңіне дейін Елена Рыбакина америкалық Тейлор Таунсендті (№94) сенімді түрде жеңіп, кейін Польша өкілі Магдалена Френхтен (№41) басым түскен болатын.
Цинциннатидегі "мыңдық" турнир 13-23 тамыз аралығында өтеді, ал оның жалпы жүлде қоры шамамен 7,43 миллион долларды -- бұл шамамен 3,45 миллиард теңгені құрайды.