Дастан Сәтбаев алғаш рет “Бернли“ сапында матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне енді
Чемпионшиптің 2-турындағы ойын Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады.
"Бернлидің" "Вест Бромвичке" қарсы матчтегі құрамы
Вейс (Қ), Уолкер, Аллейн, Хамфрис, Бруун-Ларсен, Эдвардс, Рэмзи, Сонне, Броя, Межбри, Лорент.Қазақстандық Дастан Сәтбаев қосалқы құрамда орын алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы
Еске салсақ, Сәтбаев шілденің ортасында Лондонға ауысқан болатын. Вингер "Челси" сапында Аустралия мен Азиядағы турне кезінде бірнеше жолдастық кездесу өткізіп, дебюттік матчінде алаңға шыққаннан кейін 6 минуттан соң гол соғып үлгерді.
Алайда клуб басшылығы қазақстандықты Англияның екінші дивизионы - Чемпионшипте өнер көрсететін "Бернлиге" жалға беру туралы шешім қабылдады. Футболшының өзі Чемпионшиптегі тәжірибе оны одан әрі шыңдай түседі деп есептейді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы