Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Бәрі бірдей сенімді ақтай алмады“: Тоқаев Үкіметте қызмет еткен жас министрлер туралы айтты

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда еліміздің жаңа бір палаталы Парламенті - Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беріп, кейін БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Jibek joly" телеарнасының тілшісі Дилназ Ерланова да сауал қойды.

"Сіз Мемлекет басшысы ретінде жастарға сенім артып, оларға ұдайы қолдау көрсетіп келесіз. Құрылтай депутаттығына үміткерлер арасында түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген жастар бар. Сіздің ойыңызша, олар Құрылтай жұмысына серпін бере ала ма?", - деді ол.

Президент мұны уақыт көрсететінін айтты.

"Оны көре жатармыз. Біз жастарға сенім артамыз. Оларды кезінде түрлі лауазымдарға тағайындадық. Үкіметте жоғары қызмет атқарған жастардың бәрі өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындады деп айта алмаймын. Әрине, түрлі кедергі мен себеп кезігіп жатады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соған қарамастан Мемлекет басшысы жастарға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларға нақты жауапкершілік жүктеу қажет деп санайды.

"Дегенмен жастарға сенім артып, жауапкершілік жүктеу керек. Онсыз болмайды. Қазақстан - демография тұрғысынан жас мемлекет. Сондықтан жастарға зор сенім артамыз. Олар да бұған дайын болуға тиіс", - деді Президент.

Тоқаев бұған дейін жоғары мемлекеттік қызметке келген кейбір жастардың сенімді ақтай алмағанын да жасырмады.

"Әйтпесе, кезінде министр болып, Үкіметке келген соң жұмыстың берекесін кетіргендер де болды. Бұған жол бермеуіміз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан жаңа Парламентті сайлап жатыр23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.
Сайлауға 7 партия қатысып жатыр. Құрамы мынадай:

"Ақ жол" демократиялық партиясы - 63 кандидат;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 69 кандидат;"Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) - 186 кандидат;
"Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы - 47 кандидат;Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 72 кандидат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 33 кандидат;
Respublica партиясы - 75 кандидат.

1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *