Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыдағы Төле би көшесінде жолаушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кетті

Өтеген батыр көшесінен Төле би көшесіне бұрылған тұста №37 бағыттағы 18 метрлік автобус жолдың жүру бөлігіндегі шұңқырға түсіп кетті. Салдарынан жолда үлкен кептеліс пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұрыла алмады": не болғаны белгілі болды
Куәгерлердің айтуынша, Өтеген батыр көшесінен Төле би көшесіне бұрылыста автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кеткен. Жүргізуші алдымен өз күшімен шығуға тырысқан, бірақ нәтиже шықпады: "гармошка" автобустың артқы бөлігі бұрылыста қалып қойған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Tengri Almaty (@tengri.almaty) жарияланымы


Автобусқа не болды?
Қалалық жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Өтеген батыр көшесінде Жұбанов көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықта орташа жөндеу аясында жол төсемін фрезерлеу жұмыстары жүргізілді. Жауын-шашыннан кейін жекелеген учаскеде шұңқыр пайда болды", - деп хабарлады басқарма.

Анықтама: Жол төсемін фрезерлеу - бұл асфальттың үстіңгі қабатын арнайы жол машинасы - фрезамен сыдырып алу. Яғни, бетін тегістеп, жаңа асфальт төсеу үшін әдетте ескі немесе зақымдалған асфальт қабаты кесіп алынады.
Ведомство мәліметінше, ақау жойылды. Өтеген батыр көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын жаздың аяғына дейін толық бітіру жоспарланған. Басқарма дерегінше, автобус зақымдалмаған және қазір желіде жүр.
Айта кетейік, Алматыда LRT бірінші желісінің құрылысы жалғасып жатыр. Қазір мердігерлер Төле би және Бауыржан Момышұлы көшелерінде жұмыс істеп жатыр, ал келесі учаске Абылай хан даңғылы болады.
Тағы оқыңыз: Алматыда Абай даңғылы ішінара жабылады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *