Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Берлинде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба табылды: аудан тұрғындары эвакуацияланды

Берлиннің оңтүстік-шығысындағы Нойкёльн ауданында кеме қатынасы арнасында жүргізілген жұмыстар кезінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

"Бүгін полицияның криминалистикалық қызметінің мамандары оны табылған жерінде залалсыздандыруы тиіс. Ол үшін бомба табылған жердің айналасында қоршау орнатылады", - делінген хабарламада.



Вайгандуфердегі канал жұмыстары кезінде #Neukölln-де сағат 10:40 шамасында кеме қатынасы арнасынан дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба табылды. Оны бүгін біздің #Kriminaltechnik мамандары сол жерде бақылау арқылы залалсыздандыруы тиіс. Ол үшін табылған жердің айналасында шектеу аймағы құрылады… pic.twitter.com/UTUFVOqELW
— Polizei Berlin (@polizeiberlin) 26 тамыз, 2026 жыл
Ведомствоның түсіндіруінше, қоршау радиусы шамамен 500 метрді құрайды. Полиция қызметкерлері осы аймақтан тұрғындарды эвакуациялауды бастады. Уақытша баспана ретінде қалалық мектептердің бірі белгіленді. Науқастар мен қозғалуы шектелген адамдар үшін көлік бөлінді.

"Дауыс күшейткіштері бар автокөліктеріміз бүкіл ауданды аралап, тұрғындарға қазіргі шаралар туралы ақпарат беріп жатыр. Алдағы залалсыздандыру жұмыстары үшін нысан табылған жерден 500 метр радиуста қауіпсіздік аймағын орнату қажет. Эвакуация аймағындағы барлық адам үйлерін тастап шығуы тиіс", - деп полиция тұрғындарға үндеу тастады.



Біздің дауыс күшейткіш көліктеріміз бүкіл аумақты аралап, тұрғындарға ағымдағы шаралар туралы хабарлауда.Алдағы залалсыздандыру үшін табылған жердің айналасында 500 метрлік қауіпсіздік радиусын құру қажет. Осы аумақтағы барлық адамдар… pic.twitter.com/5whoHVsKaV
— Polizei Berlin (@polizeiberlin) 26 тамыз, 2026 жыл
Қоршау аймағынан тыс жердегі туыстарына, достарына немесе таныстарына бара алатын адамдар бомбаны залалсыздандыру аяқталғанша сол жерде бола алады, деп атап өтті полиция.

"Біз аумақтан мүмкіндігінше тезірек шығып, алдағы нұсқауларды орындауды сұраймыз", - деп үндеді полицейлер қала тұрғындарын.



Залалсыздандыру жұмыстары басталмас бұрын барлық жергілікті тұрғындар мен күтім мекемелеріндегі адамдар аумақтан кетуі тиіс.Зардап шеккендер белгіленген жинау және болу пункттеріне баруы керек. Зонненаллее 194 мекенжайында үлкен жинау пункті ұйымдастырылды… pic.twitter.com/7drmptGmUn
— Polizei Berlin (@polizeiberlin) 26 тамыз, 2026 жыл
Сегіз сағаттан кейін полиция қызметкерлері қоршалған аймақтан эвакуациялау жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Барлық адам аумақтан шығарылды.

"Жарылғыш заттарды залалсыздандыру жөніндегі мамандарымыз қазір бомбаны жақын арада қауіпсіз әрі бақылаулы түрде залалсыздандыру үшін соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді полиция.

Бір сағатқа жуық уақыт өткен соң полицейлер бомбаның тұтандырғышы сәтті ажыратылып, залалсыздандырылғанын нақтылады. Қауіп сейілді.

"Жедел іс-шаралар енді біртіндеп аяқталып жатыр. Барлық шектеу алынып тасталды, тұрғындар осы сәттен бастап өз үйлері мен пәтерлеріне орала алады", - деп толықтырды полиция.



Дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомбаның тұтандырғышы сәтті ажыратылып, залалсыздандырылды. Енді ешқандай қауіп жоқ.Жедел шаралар енді кезең-кезеңімен тоқтатылады. Барлық қоршаулар алынып тасталды, үйлер мен пәтерлерге қайтуға дәл қазірден бастап… pic.twitter.com/E5ITAtXBCg
— Polizei Berlin (@polizeiberlin) 26 тамыз, 2026 жыл
Бұған дейін Франкфурт әуежайында безгек ауруының алты жағдайы тіркеліп, ауырғандардың бірі қайтыс болған еді. Мамандардың болжамынша, инфекция жұқтырған масалар әуежайға ұшақтармен, багажбен немесе жүкпен бірге келуі мүмкін. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *