Астанада Бараев көшесінің бір бөлігі үш күнге жабылады
29 тамыздан 1 қыркүйекке дейін Астанада А. Бараев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді, деп жазады Tengri Auto.Әкімдік мәліметінше, 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында А. Бараев көшесінің Республика даңғылынан Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі бөлігінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл ретте екі бағыттағы қозғалыс жолдың бір жағымен ұйымдастырылады", – делінген әкімдік хабарламасында.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылды.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындарға келетін қолайсыздықты барынша азайту үшін жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумаққа уақытша жол белгілері мен бағыттаушы нұсқағыштар орнатылады.
Сонымен қатар жол жөндеу жұмыстарына байланысты №1, №20 және №70 автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Дереккөз: t.me/ikomek109
Дереккөз: t.me/ikomek109
Дереккөз: t.me/ikomek109