Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қазақстандағы алғашқы белбеу“: Алмабаевтың командасы титул туралы пікір білдірді

Қазақстандық танымал файтер Асу Алмабаевтың бапкері Эдуард Базров Tengri Sport-қа берген сұхбатында шәкіртінің жеңісі мен ACBJJ чемпиондық белбеуін иеленуіне қатысты пікір білдірді.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев ACBJJ ұйымының All-stars No-Gi чемпионы атанды. Tengri Sport тілшісі спортшының жағдайы мен жеңістің мән-жайын білу үшін бапкер Эдуард Базровпен байланысты.

"Бұл – Қазақстандағы алғашқы ACBJJ белбеуі. Асу 13-0 рекорды бар мықты спортшыны жеңіп, белбеуді иеленді. Мен Стамбулда қасында болдым, жекпе-жекті теледидардан көрген жоқпын, Асуға өзім секундтант болдым. Иә, Асу жарады, жеңісті жұлып алды. Жағдайы жақсы", - деді Базров Tengri Sport-қа берген сұхбатында.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ASU ALMABAYEV (@asu_zulfikar57) жариялаған жазба


Алмабаевтың жекпе-жекті қалай өткізгені туралы сауалға бапкер жекпе-жек өнерінде кемелдікке шек жоқ екенін, алайда Асудың жақсы жұмыс атқарып, лайықты жеңіске жеткенін атап өтті.

"Кемелдікке шек жоқ, дағдыларды үнемі шыңдап отыру керек. Тіпті белгілі бір шеберлігің болса да, егер оны дамытпасаң, өшіп қалады. Сондықтан еркін күрес шеберлерімен де, грэпплерлермен де жұмыс істеп, соққы техникасымен де мықтап айналысу қажет. Жекпе-жек қарсаңында істейтін шаруа өте көп", - деді маман.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ASU ALMABAYEV (@asu_zulfikar57) жариялаған жазба


Еске салайық, 30 тамызда Стамбулдағы (Түркия) Ora Arena стадионында өткен ACBJJ 20 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев пен тегі тәжік ресейлік спортшы Халим Назруллоев кездескен болатын.
9 минутқа созылған жекпе-жек барысында қазақстандық файтер айқын басымдық танытты.
Алмабаев жиі партерге түсіріп, кездесудің басым бөлігінде қарсыласын бақылауда ұстады.
Нәтижесінде ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, All-stars No-Gi чемпионы белбеуін тақты.

ACBJJ (Absolute Championship of Brazilian Jiu-Jitsu) - ресейлік Absolute Championship Berkut (ACB) ұйымының негізінде құрылған бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг бойынша кәсіпқой лига.
Турнирлерге джитсерлер мен грэпплерлерден бөлек, ММА шеберлері, соның ішінде Забит Магомедшарипов, Арман Царукян және Асу Алмабаев сынды UFC жұлдыздары да қатысады. Жекпе-жектердің негізгі екі форматы бар: Gi (кимономен) және No-Gi (кимоносыз).












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Absolute Championship of Brazilian Jiu-Jitsu (@acb_jj) жарияланымы


Асу Алмабаев - қазақстандық MMA көшбасшысы
Еске салайық, 32 жастағы файтер - UFC рейтингінің үздік 15 спортшысының қатарына енген еліміздің жалғыз өкілі. Соңғы жекпе-жегінде Асу Чарльз Джонсонды сирек әдіспен жеңген болатын, бұл оған жасанды интеллект рейтингінде бесінші, ал медиарейтингте жетінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC (@ufc) жарияланымы


Асу Алмабаев жеңіске жетіп, чемпиондық атақты иеленді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *