Алматыда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз 10 күннен кейін қонақүйден табылды
Еске сала кетейік, қыз 23 тамызда жоғалып кеткен болатын. Ол шамамен сағат 17:15-те Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 189/3 үй, 3-корпус мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.Іздестірушілердің мәліметінше, 2 қыркүйекте жоғалған қызды полиция қызметкерлері Алматының Әуезов ауданындағы қонақүйлердің бірінен тапқан.
"Аман-есен, дені сау, оған ештеңе болмаған", - деп атап өтті еріктілер.
Оқиғаның басқа да егжей-тегжейі әзірге хабарланған жоқ.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласы және Алматы облысының «LIDER.KZ» еріктілерінің жарияланымы (@volontery_lider.kz_almobl)