Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Қазақстан вице-президентінің өкілеттіктерін бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңға сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Вице-президенті:

1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты саласындағы стратегиялық сипаттағы бастамаларды әзірлеуді қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Президент атынан өкілдік етеді;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша халықаралық іс-шараларға қатысады;

4) Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығын басқарады;

5) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді;

6) Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның; Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік символдар мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның; Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның; Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз етеді;

7) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Осы Жарлықпен белгіленген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Вице-Президенті:

1) өкім шығаруға;

2) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма беруге;

3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Халық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға;

4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті қойған өзге де міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы.

3. Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және өзге де жағынан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қамтамасыз етеді деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін, қоса беріліп отырған өзгерістер осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

Жарлықтың соңында оның бүгіннен бастап күшіне енетіні айтылған.

"6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, 31 тамызда Тоқаев Ерлан Каринді бұрынғы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатып, республиканың Вице-президенті етіп тағайындаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *