Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Үйде асылған ет мейрамханадағыдан жақсы“ - канадалық хоккейші қазақ тағамдары туралы

"Сібір" хоккейшісі Даррен Диц "Барысқа" қарсы ойыннан соң Астанадағы демалысы туралы айтып, Қазақстанға оралуына қатысты әсерін бөлісті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Бұған дейін астаналық клуб пен Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен канадалық хоккейші Новосібір командасы ойсырай жеңілген матчке қатысты.
Оның қазіргі клубы "Барыстан" 1:7 есебімен ұтылса да, Диц журналистермен тілдесуге ниет білдірді.

"Бұл біз үшін жақсы сынақ болды деп ойлаймын - маусымның басында осындай жағдайға тап болғанымыз дұрыс болды. Мінезіміздің қандай екенін білеміз. Мұндай сәтсіз ойындар бізді біріктіруі тиіс. Біз тиісті қорытынды шығарып, келесі матчке дайындалуымыз керек", - деді Диц тілшімізге берген сұхбатында.

- "Барыс" сіз үшін жат команда емес, осында әр келген сайын қуанатыныңызды айтқан едіңіз. Осындай матчтерден кейін бұл сезіміңіз өзгермей ме?

- Әрине, сапардың мақсаты екі ұпай еншілеу еді, бірақ олай болмады. Нәтижеге көңілім толмайды. Десе де, хоккей ойнаудың өзі бір ғанибет. Трибуна толы болды. Жанкүйерлер келіп, команданы қолдап, Қазақстандағы хоккейге демеу болып жатқанын көру мен үшін үлкен қуаныш, - деді хоккейші.

- Алдағы уақытта Астанаға ойыншы ретінде қайта оралғыңыз келе ме?

- Болашақтың еншісінде, көре жатармыз. Әрине, дөп басып айта алмаймын, бірақ бәрі де мүмкін, - деп жауап берді ол.

Қазақ асханасын ұнатқан канадалық
Еске салсақ, Диц Астанаға 2017 жылы келіп, "Барыста" бес жыл өткізген, содан кейін мәскеулік ЦСКА, екатеринбургтік "Автомобилист", минскілік "Динамо" және омбылық "Авангард" сапында ойнаған.
Бұл ретте хоккейші демалысын Астанада жиі өткізеді - бұған оның 2019 жылы танысқан жұбайы Іңкәр себепші. Қазір жұптың екі баласы бар. Дарреннің айтуынша, ол балаларының бірін Аштынбек немесе Аштынтай деп атайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Барыс» хоккей клубының жарияланымы (@barys_official)


- Демалыс кезінде Астанада көп уақыт өткізетініңізді айттыңыз. Өз талғамыңыз бойынша Астанадағы үздік 3 мейрамхананы атай аласыз ба?

-Балаларымыз әлі кішкентай болғандықтан, кейінгі бірнеше жылда мейрамханаларға өте сирек барамыз, үй тамағын жақсы көреміз. Жұбайым тамақты дәмді пісіреді, сондықтан үйде ет асқанды ұнатамыз - көбінесе солай, - деді хоккейші.

- Үйде асылған ет мейрамханадағыдан дәмдірек пе?

- Үйдің тамағы, әрине, әлдеқайда жақсы, - деп атап өтті Диц.

Айта кетейік, Диц бірнеше жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылмай жүр, бірақ ұзақ уақыт бойы лигада қазақстандық ретінде тіркелді. Қазір ойыншының ҚХЛ сайтындағы профилінде Канада азаматтығы көрсетілген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Антон Бованың жарияланымы (@spor_tjob)


"Барысқа" қарсы ойын Даррен үшін Құрлықтық хоккей лигасындағы 550-ші матч болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Публикация от ХК Сибирь (@hc_sibir)

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *