Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қазақстан атынан шыққанымды мақтан тұтамын“ - әлемнің бірінші ракеткасы Рыбакина

Қазақстандық теннисші, әлемнің жаңа бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұл тарихи жетістіктің ел үшін маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Бұл АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңгеннен кейін мүмкін болды.
Жеңістен соң Рыбакина әлеуметтік желіде жазба жариялады.
"Сенім болса, бәрі де мүмкін! Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, елімізден шыққан тұңғыш әлемнің бірінші ракеткасы ретінде тарихты жазып жатқаныма мақтанамын", - деп жазды теннисші.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Elena Rybakina ???? (@lenarybakina) жариялаған жазба


Бұл жеңіс 27 жастағы спортшыны алғаш рет US Open турнирінің жартылай финалына шығарды.
Матчтен кейінгі баспасөз мәслихатында Рыбакина бұл жетістікке Қазақстан спортшысы ретінде қол жеткізгенін ерекше атап өтті.

"Бұл – тарих. Мен Қазақстан намысын қорғайтынымды мақтан тұтамын. Қазақстанға оралған сайын, қай қалаға барсам да, ол жерде балалар өте көп. Қазір олар теннис ойнай бастады, теннис корттарына келушілер саны артып келеді. Көптеген жастың саған үлгі ретінде қарайтыны таңғаларлық жағдай. Бұл – сенім болса, бәрі де мүмкін екенінің дәлелі.Қазір бірдеңе айту қиын, өйткені телефоныма да қараған жоқпын. Әрине, құттықтап жатқандар көп. Қазір Қазақстанда емеспін, бірақ ол жаққа барғанда міндетті түрде өз ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстанға оралу – керемет сезім. Өкінішке қарай, ол жақта жиі бола алмаймын. Бірақ, бұл ел үшін зор жетістік деп ойлаймын", - деді Рыбакина.


Елена Рыбакинадан әлемнің 1-раккасы атануының Қазақстан халқы үшін маңызы туралы сұрағанда: "Қазақстанға барған сайын балалардың көптігін көремін... Бұл сенім болса, кез келген нәрсенің мүмкін екенін дәлелдейді" ????"Бұл оқиғаның ықпалы қандай болады деп ойлайсыз… pic.twitter.com/WundLYUqed
— The Tennis Letter (@TheTennisLetter) 9 қыркүйек, 2026 жыл
Еске сала кетейік, Рыбакина үшін маңызды матч тартысты өтіп, екі сағаттан астам уақытқа созылды. Ойын бірінші сеттегі жеңіліспен басталды - алдымен теннисшілер 3 геймнен алғанымен, қорытындысында қытайлық спортшы сетті өз пайдасына шешіп, 1:0 (6:3) есебімен алға шықты.
Алайда екінші сетте Рыбакина бастаманы толығымен өз қолына алды. Ол ойын қарқынын күрт арттырып, доп беруде басымдық танытты және қарсыласының екі геймін тартып алып, небәрі 38 минутта Чжэнді 6:1 есебімен тас-талқан етті.
Шешуші партияда ойын қайта теңесті. Екі теннисші де тоғызыншы геймге дейін өз доп берулерін сақтап қалды. Рыбакина қытайлық спортшының қос қателігінен кейін шешуші брейк жасап, артынша жеңісті геймді сенімді түрде аяқтады. Қорытынды есеп - 3:6, 6:1, 6:4.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WTA (@wta) жарияланымы


Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Айта кетейік, US Open басталар алдында Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингтегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Сол мақалаға сәйкес, қазақстандық спортшы мансабында алғаш рет бірінші сатыға көтерілуі үшін, басқа қарсыластарының нәтижесіне қарамастан, жартылай финалға жетуі жеткілікті еді.
Осылайша, Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанып, елімізден әлемдік теннистің бұл шыңын бағындырған тұңғыш спортшы болды.
Қазақстандық теннисші WTA-ның live-рейтингінде 100 аптадан астам көш бастап тұрған беларусьтік Арина Соболенконы басып озды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WTA (@wta) жарияланымы


“Қол жетпес деңгей“ - Рыбакинаның тарихи жеңісіне әлемдік БАҚ-тың бағасы
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атағын жеңіп алуымен құттықтағаны хабарланды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *