“Маған бұйырады“: Ламин Ямаль “Алтын доп“ туралы пікір білдірді
"Барселона" мен Испания құрамасының 19 жастағы вингері Ламин Ямаль әлемдік футболдағы басты жеке марапатқа қатысты жоспарларын нық сеніммен айтты.
Movistar Plus арнасына берген сұхбатында ол француз Килиан Мбаппемен бірге әлемнің үздік екі ойыншысының бірі екенін, бірақ биыл "Алтын доп" лайықты түрде өзіне бұйыруы тиіс екенін атап өтті.
"Шынымды айтсам, әлемнің үздік ойыншысы атағына тек екеуміз ғана таласып жатқан сияқтымыз. Барлық жеңісімді ескере отырып, биыл бұл марапатқа лайықпын деп ойлаймын. Мен үшін әлемнің ең үздік екі ойыншысы - мен және Мбаппе. Бұл өте анық нәрсе. Мен үшін бәрі түсінікті және матчтарды тамашалайтын қауым мұны біледі", - деді Ямаль.
"Mbappé y yo somos los dos mejores del mundo, pero creo que este año el Balón de Oro me lo merecería yo". ‼️ ???????????????????????? ????????????????????, эксклюзивті түрде #UniversoValdano.#LaCasaDelFútbol pic.twitter.com/YJmUZBVLaU
— Movistar Plus Deportes (@MPlusDeportes) 13 қыркүйек, 2026 жыл
Ямальдың айрықша маусымы
2025/26 жылғы маусым Ламин Ямаль үшін нағыз серпіліс пен титулдарға толы кезең болды. Ол "Барселонамен" бірге Ла Лиганы және Испания Суперкубогын қайта жеңіп алды. Испания чемпионатында ол 28 матчта 16 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді, ал барлық клубтық турнирлерде 24 гол мен 18 ассисттің авторы атанды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
@lamineyamal парақшасынан жарияланым
2026 жылдың жазында ол Испания құрамасымен бірге әлем чемпионы атанып, турнирдегі алғашқы голын соқты және "қызыл фурияның" негізгі ойыншыларының біріне айналды.
Ағымдағы 2026/27 маусымын да ол қарқынды бастады: Ла Лигада бірнеше рет дубль жасап, Чемпиондар лигасында нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсіп, каталониялықтар шабуылының көшбасшысы мәртебесін дәлелдеп келеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
@lamineyamal парақшасынан жарияланым
Еске сала кетейік, 2026 жылғы "Алтын допты" тапсыру рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді деп жоспарланған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Ballon d’Or (@ballondorofficial) жарияланымы
“Алтын доп” иегері 2026 жылғы марапатқа үміткер фавориттер үштігін атады