АПТАЛЫҚ ШОЛУ: Бұл сайлау күрделі кезеңде ұлтты ұйыстырып, Қазақстанды жаңа белестерге алып шығуға көмектеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ қоғамында мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауын өткізу өткен жылы-ақ көтерілгендігі есте. Содан болар, Парламент жаққа елдің елеңдеген құлағы үнемі түрік жүретін. Сезімдері алдамапты. 13 қаңтар күні тосыннан БАҚ өкілдерін шақырып, арнайы үндеу жариялаған Мәжіліс депутаттары өздерінің «Ұлт жоспарын» жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалап, тарихи миссияларын толық көлемде атқарғандығын айта келе Қазақстан Президентіне Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс сайлау тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастамамен жүгінгенді.