Қазақстанда биыл бақылау тарихындағы ең ыстық жаз болды
2026 жылдың жазы Қазақстанда метеорологиялық бақылаудың бүкіл кезеңіндегі ең ыстығы болды. Маусымдық ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 2,15 градусқа асты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Температура нормадан 2,15 градусқа асты
Температураның ауытқуы Қазақстан аумағының басым бөлігінде байқалды.
Климаттық нормадан елеулі ауытқу Ақмола және Қарағанды облыстарының шығысында, Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде және Абай облысында тіркелді.
Ең жоғары ауытқу +4 градус болды. Мұндай көрсеткіш Қарағанды облысындағы Бесоба метеостанциясында тіркелді.
Жауын-шашын мөлшері нормадан аз болды
Бұл ретте 2026 жылдың жазы жоғары температурамен ғана ерекшеленген жоқ. Жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 7,12 миллиметрге аз болды.
Жауын-шашын ел аумағы бойынша біркелкі болмады: әртүрлі аймақта мөлшері айтарлықтай өзгешеленді.Қазанда ауа райы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Айдың басында бірқатар аймақта күн райы салыстырмалы түрде жылы болады, алайда кейін температуралық фон өзгереді. Кейбір облыста күннің суытуы, жаңбыр мен қар жауады деп болжанады.