Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Полигон іргесіндегі ауылда 90-нан асқан қариялар ұзақ жасаудың сырын айтты

Абай облысындағы Саржал ауылын 1көп жасағандар мекені1 деп атайды. Ауыл Семей ядролық полигонына іргелес орналасқанына қарамастан, мұнда жасы 90-нан асқан немесе 100-ге таяған қарттар аз емес, ал жергілікті 110 тұрғын 80 жастың белесінен аман-есен өтті. Бұл туралы 24.kz телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengri Life.
Ауылда жылқы шаруашылығы белсенді дамып келеді, жергілікті тұрғындар емдік қасиеті бар қымыз дайындау өнерімен танымал. Ядролық сынақтар жүргізілген жылдары ауыл адамдары денсаулығын сақтау үшін жылқы ұстап, қымыз ішуге тырысқан. Экологиялық таза әрі табиғи өнімді тұтынғандардың арасында ұзақ жасағандар көп.

"Саржал ауылы жылқының арқасында күн көріп отыр. Мұнда бәрімізді бала кезден еңбекке баулиды, мал шаруашылығымен айналыстық. Уақытында бізді аман алып қалған да осы болар", - дейді ауылдың байырғы тұрғыны Әсемхан Қуанышбаев.


Ақсақалдың жұбайы қымыз баптаудың құпиясын жақсы біледі. Ол күніне 30 литрге дейін өнім алады. Қымыздың сапасы мен дәмі бұзылмас үшін сусын дайындалатын ыдысқа да ерекше мән береді.

"Қымыздың дәмі көбіне шелекке байланысты. Біз оны бие шелек деп атаймыз. Ол көбінесе еменнен жасалады. Маймен майлап, баптап, ыстап алғаннан кейін ғана қымыз құйылады. Балаларымыз, негізінен, саумал ішіп өсті. Содан иммунитеттері көтеріліп, ауру-сырқауға көп шалдықпайды", - дейді Ғалия Жұмағалиқызы.


Медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының мамандары қымыздың нәрлі заттарға, соның ішінде С витаминіне бай екенін айтады. Оны жүйелі түрде ішу ас қорыту жүйесіне оң әсер етеді. Сондай-ақ, жылқы еті мен саумалдың да пайдасы зор.

"Еттің құрамында магний, калий, кальций, фосфор, В тобындағы дәрумендер секілді көптеген дәрумендер мен минералдар бар. Ал саумалдың қасиеті ана сүтіне өте ұқсас. Көбінесе оны радиация аймағында тұратын немесе онкологиялық ауруы бар адамдарға негізгі емге қосымша ретінде ішу ұсынылады", - деді "Семей медицина университеті" КЕАҚ қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы Ардақ Алтынбекова.


Семей полигонының аумағында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 456 ядролық сынақ өткізілді. Бұл жергілікті халықтың денсаулығына әсер етпей қоймады. Ауыл тұрғындары еңбектің, үнемі қозғалыста болудың және табиғи өнімдердің арқасында денсаулықты сақтауға болады дейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *