Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаттықтырушы зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды: 16 жастағы қыздың анасы мен ағасы тергеуге алынды

Қызылорда облысында кәмелетке толмаған спортшы қызға қиянат жасады деп күдіктелген көгалдағы хоккейден бұрынғы жаттықтырушы мен оның танысына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Жәбірленушінің айтуынша, зорлық-зомбылық екі жылға жуық уақыт бойы жалғасқан. Ол бұл туралы отбасына айтқаннан кейін, қыздың ағасы мен анасының үстінен де іс қозғалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қыз не деді?

Бұл қыздың оқиғасы жергілікті пабликтерде жарияланды. Қыздың сөзінше, бәрі 2024 жылы ол 14 жаста болғанда басталған. Ол жаттықтырушының өзіне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын және бейнежазбаларды таратамын деп қорқытқанын алға тартады.

Қыздың айтуынша, бұл оқиға алғаш рет 2024 жылы ол ойнаған хоккей командасы Талдықорғанға жарысқа барғанда болған. Қыз жергілікті БАҚ-қа демалыс кезінде жаттықтырушының шай әкеліп бергенін, содан кейін не болғанын түсінбей қалғанын айтып берді. Оқушы қыз таңертең өзімен не болғанын түсінгенін жеткізді.

Жәбірленушінің сөзінше, ер адам болған жайтты видеоға түсіріп алып, кейін "егер біреуге айтатын болсаң, ата-анаңа көрсетемін және таратамын" деп бопсалаған. Сондай-ақ қыз оны ақша үшін басқа еркектерге де беріп жіберген болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Тек екі жылдан кейін ғана қыз болған жайтты туыстарына айтып берген. Жаттықтырушы мен оның танысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Осыдан кейін қыздың туыстары мен жаттықтырушы арасында қақтығыс болған. Интернет-пабликтердің хабарлауынша, соның салдарынан қыздың 18 жастағы ағасы мен анасы "Адам ұрлау" бабы бойынша тергеуге ілінген.

Тергеу туралы не белгілі?

Қызылорда облысы полиция департаменті жаттықтырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталып, қазіргі уақытта іс материалдарымен танысу кезеңі жүріп жатқанын хабарлады.

Полиция ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына және "Масс-медиа туралы" заңның кәмелетке толмағандарға қатысты ақпаратты таратпау туралы 14-бабына сүйеніп, өзге мәліметтерді жарияламады.

Сондай-ақ полиция қыздың туыстарына қатысты тергеу жалғасып жатқанын қосып өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *