Жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алу бойынша 51 қызмет көрсетті - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері қызылордалық кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие қызмет түрі - мемлекеттік сатып алуға қатысты. 15 күннің өзінде 50-ден астам кәсіпкер палатаның қызметіне жүгінген. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.