Ұлыбританиямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 ақпанда Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.