Тарихқа шолу: 25-30 жыл бұрын ақпаратта не жаздық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде заттардың арасында немесе бірдеңені ораған көне сарғыш газет көзге іліксе бірден қолға аламыз. Ертеректе шыққан басылым болса «сол кезде не жазды екен» деген қызығушылық пайда болатыны бар. Оқи қалсаң сол дәуірдің қызық тұстарына қанығасың. Сарғайып шеттері мүжіле бастаған парақтар өз дәуірінің өскелең ұрпағы және оның тыныс-тіршілігі жайында сыр шертеді. Жақында өз мұрағатымда жиналған ескі газеттерді ақтарып қарап шықтым. Кітапханамда мемлекеттік мұрағаттың деңгейінде болмаса да қолда сақталған 66-шы, 73-75-ші жылғы тіптен егемендік алған тұстағы 90-шы жылдардың басылымдары бар болып шықты. Солардың ішінде қызығушылығымды оятқан бірер тұстарын назарларыңызға ұсынайын.

