Туристер дельфин баласымен «селфиге» түсіп жүріп өлтіріп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада дельфиннің баласы жағажайдағы демалушылардың «селфиінің» құрбаны болды. Туристер толқынмен жағаға шығып қалған дельфин баласын тауып алған, оны суға жіберудің орнына бір-бірінің қолынан алып суретке түсіре бастаған. Онымен суретке түсірушілер көп болып, сүтқоректі су жануары ыстықтан үсті кеуіп, адамдардың қолында өлді, деп жазады PhoneArena.