Елбасы ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.