Допты хоккей: «Ақжайық» соңғы ойынында ұтса, финалдық сайыстарға жолдама алады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» 24 ақпан күні өз айдынында көш басындағы командалардың бірі «Никельщикті» (Верхний Уфалей) қабылдап, 7:6 есебімен жеңіске жетті.