Алматыда 4 мыңнан астам медицина маманы жетіспейді - Б Байбек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы денсаулық сақтау саласында кадрлар тапшылығы мен емханалардың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Бүгінде қалада 4 мыңнан астам дәрігер мен басқа да медициналық қызметкер жетіспейді. Бұл туралы бүгін Алматыда қала тұрғындарымен болған есептік кездесу барысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.